Жаңалықтар

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» Дербес білім беру ұйымының баспасөз қызметінің 2020 жылғы түлектердің сыртқы жиынтық бағалау нәтижелері туралы ресми мәлімдемесі


Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 12-сынып түлектері жыл сайын тәуелсіз халықаралық ұйым – Халықаралық білім берудің Кембридж Бағалау Кеңесінің (бұдан әрі – ХББКБК) сыртқы жиынтық бағалауынан өтеді.

Сыртқы жиынтық бағалау емтихандары міндетті және таңдау пәндері бойынша оқыту тіліне байланысты қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өткізіледі.

12-сынып түлектері «Математика», «Қазіргі әлемдегі Қазақстан», «Бірінші тіл» пәндерінен тұратын 3 міндетті емтихан және «Физика», «Химия», «Биология», «География», «Информатика» пәндерінен таңдауға арналған 2-3 емтихан тапсырады. Емтихан жұмыстары 2-3 компоненттен тұрады.

Емтихандардың мазмұны зерттеу жобаларын, түрлі деңгейдегі тапсырмаларды (стандартты және тереңдетілген), зертханалық және практикалық жұмыстарды, эссе, курстық жұмыстарды және т.б. орындау арқылы математикалық, жаратылыстану, мәдениаралық, ғаламдық, цифрлық сауаттылықты және оқу сауаттылығын тексеруге бағытталған.

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің түлектері емтихан нәтижелері бойынша Ұлыбритания, Корея, Қытай елдеріндегі халықаралық университеттерімен, UK NARIC, UCAS, NUFFIC және т.б. халықаралық ұйымдарымен, Назарбаев Университеті және 17 отандық университеттерімен мойындалған Сертификат алады. Осы ХББКБК Сертификаттың нәтижелері Ұлттық Бірыңғай тестілеудің ұпайларына ауыстырылады.

ХББКБК Сертификаттың жоғары мәртебесін ескере отырып, сыртқы жиынтық бағалауды жүргізудің жоғары сапа стандарттарын сақтайды.

Covid-19 эпидемиясына байланысты бүкіл әлемдегі оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ХББКБК барлық елдерде, соның ішінде Қазақстанда да халықаралық емтихандарды 2020 жылдың мамыр-маусым айларында емес, күзде өткізуді жоспарлап, шешім қабылдаған болатын.

Алайда, ХББКБК еліміздің және шет елдердің жоғары оқу орындарына оқуға түсуге Сертификаттың қажеттілігін ескеріп, 2020 жылғы түлектерге емтихан тапсырмай, алдыңғы жылдардағы түлектердің Сертификаттарымен сәйкестікті сақтай отырып, осы жылғы Зияткерлік мектептердің түлектеріне Сертификаттарды табыстауға шешім қабылдады.

Осы орайда ХББКБК бағалау және бағаларды қою    рәсімдерін әзірлеу үшін Назарбаев Зияткерлік мектептері түлектерінің академиялық үлгерімдерінің кең спектрі: оқушылардың оқу іс-әрекетінің нәтижелері туралы мұғалімдердің кәсіби пікірлері, 11 және 12-сыныптардағы пәндер бойынша ішкі жиынтық бағалау нәтижелері, курстық жұмыстар, IELTS және 10-сыныптағы сыртқы жиынтық бағалау нәтижелері қолданылды.

Жалпы, Зияткерлік мектептер желісі бойынша, биылғы жылы сыртқы жиынтық бағалаудың нәтижелері өткен жылғы, оқушылар нақты емтихан тапсырған кездегі, деңгеймен сәйкес келеді. Сонымен бірге A* (өте жақсы) және B (жақсы) бағаларының үлесі 1,0%-ға өсті.

Сыртқы жиынтық бағалау нәтижелері бойынша 112 оқушы барлық пәндерден A* және A (өте жақсы), 995 оқушы-A*, A, B, C (өте жақсы және жақсы) бағаларын алды.

Сыртқы жиынтық бағалау нәтижесінде 112 түлек «Алтын белгі» белгісін, 214 түлек үздік аттестаттарын растады.

Бүгінгі таңда 88 түлек «(early decision) ерте шешімі» арқылы «Назарбаев Университетінің» 1-курсына Foundation-сыз қабылданды, 202 түлек Foundation бағдарламасына түсті.

3 түлек "Лига Плюща" университеттеріне оқуға шақырылды, 155 – әлемнің жоғары оқу орындарына білім грантын алды, оның 45-сі QS Top 100 университеттеріне түсті.

103 студент әртүрлі шетелдік университеттердің жартылай оқу гранттары мен жеңілдіктеріне ие.

2014 жылдан бастап ХББКБК Зияткерлік мектептердің түлектеріне сыртқы жиынтық бағалау жүргізіп келеді. Назарбаев Зияткерлік мектептерінде аталмыш ұйым ұсынған бағалау нәтижелеріне сенімсіздік білдіруге негіз болған жоқ.

Егер түлектер осы сыртқы бағалау рәсімдерінің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, ХББКБК ағымдағы жылдың қараша айында нақты емтихандарды тапсыруға мүмкіндік береді.

Түлектердің жеке нәтижелеріне қатысты сұрақтар туындаған жағдайда Зияткерлік мектептердің басшылығымен немесе «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның info@nis.edu.kz ресми мекен-жайына байланысыңыз.



Қаралым: 591
Жарияланған: 12 Маусым