Жаңалықтар

Қашықтан білім беру: дәстүр мен инновацияны қалай үйлестіруге болады?


Мадина Тыныбаева, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ
Педагогикалық шеберлік орталығы директорының білім беру бағдарламалары және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі орынбасары

Қазіргі таңда жай ғана мұғалім болып қоймай, цифрлық тұрғыда сауатты мұғалім болу маңызды. Неліктен қашықтан оқыту уақыттың сұранысы болып отыр және қашықтан білім беруге байланысты қандай мәселелер бар? Дәстүрлі білім беруді технологиялық инновациямен қалай үйлестіруге болады? Осы және өзге де сұрақтар «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы тренерлердің біліктілігін арттыру мақсатында өткізген «Қазақстандық тренер: тәжірибе, ынтымақтастық және даму келешегі» атты IX республикалық семинарда талқыланды.

Мұндай ауқымдағы іс-шара алғаш рет онлайн форматта өткізілді. Екі күн бойы 260 тренер, Педагогикалық шеберлік орталығының тренерлері мен еліміздің жалпы білім беретін мектептерінің үздік педагогтері, өздерінің кәсіби деңгейін арттыру мақсатында өзара әрекеттесті. Сарапшы ретінде Қазақстан, Ресей Федерациясы және Эстонияның қашықтан білім берудегі білікті мамандары сөз сөйледі.

Семинарды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім Комитетінің төрайымы Майра Мелдебекова ашып, жалпы білім беретін мектептердің қашықтан оқытуға көшуі бойынша мемлекет қабылдаған шаралар туралы, сондай-ақ еліміздің білім беру үдерісіне қашықтан оқытуды енгізу перспективалары туралы мәлімдеді. ПШО директоры Жанбота Кәбдікәрімова еліміздің педагогтеріне әдістемелік қолдау көрсетудегі тренерлердің жұмыс нәтижелерімен бөлісті, бүгінде болып жатқан жағдайды ескере отырып, педагогтердің біліктілігін арттыру жүйесінің жаңа форматын ұсынды. Сондай-ақ тұрақсыз және тез өзгермелі әлем жағдайында ұйымдағы көптеген бизнес-үдерістерді қайта қарау қажеттігін атап өтті. «Knowledge Engenieering» ЖШС басшысы Нартай Әшім пандемия кезінде оқу үдерісін ұйымдастырудан алынған сабақтармен бөлісті.

Шетелдік спикерлер: Константин Ушаков, п.ғ.д., Жоғары экономика мектебі ҒЗУ Білім беру бағдарламалары департаментінің профессоры, Наталья Гульчевская, п.ғ.к., сертификатталған коуч және бизнес-тренер, Наталия Киселева, білім берудегі сарапшы, VTA Халықаралық мұғалімдер академиясының мүшесі Марина Курвитс, Kurvits Studio педагогикалық дизайн студиясының жетекшісі, педагогикалық кеңесші, сонымен бірге Таллин университетінің математика дидактикасының лекторы Юри Курвитс мазмұнды таныстырылымдарымен бөлісті.

Олардың әрқайсысы қашықтан оқытуға көшудің маңызды аспектілерін қозғады. Мысалы, профессор К. Ушаков қазір цифрлық педагогика саласындағы зерттеулердің өткір мәселесі тұр деп санайды: цифрлық ортада не жұмыс істейді, ал не жұмыс істемейді. Н. Гульчевская коучинг тәсілінің, әсіресе педагогтердің мектепшілік кәсіби дамуында маңыздылығын атап өтті. Global Teacher Prize 50 қатарына енген Н.Киселева онлайн-режиміндегі сессиялардың қарқынымен таң қалдырды. Ол онлайн-сабақтарда мазмұн, технология және ұйым арасындағы тепе-теңдікті сақтау маңызды, ал интерактивтілік онлайн-оқытудың маңызды құрамдас бөлігі болып табылатынын атап өтті. Эстония сарапшылары Юрий мен Марина Курвитс өз елінде қашықтан оқытуға көшу бойынша жұмыстар бұрыннан жүргізілгенін атап өтті. Олар сондай-ақ сәтсіздікке әсер ететін бірқатар факторларды атап өтті. Бұл мұғалімнің цифрлық құзыреттіліктері, оқушылардың қаламаушылығы (зерігу), бақылаушы әкімшілік пен ата-аналардың толқуының жоғары деңгейі кіреді.

Семинарда ПШО мен оның филиалдары тренерлерінің корпоративті дамудың маңызды міндеттеріне – IT жүйелермен тиімді жұмыс жасауға, белсенді дамуға және командада жұмыс істеу дағдыларын жаңартуға арналған шеберлік сабақтары мен баяндамалары бөлек орынға ие болды. Осылайша, ПШО тренерлер командасы веб-қосымшаларды практикалық пайдалану бойынша семинарға қатысушылардың барлығына интерактивті өзара іс-қимылды ұйымдастыру мақсатында Microsoft Team Quest онлайн өткізді.

Шымкент қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығы филиалының тренері А.Қалчабеков қазақ зиялылары: Абай Құнанбаевтың, Мағжан Жұмабаевтың, Жүсіпбек Аймауытовтың еңбектерін зерттеу бойынша терең зерттеулер жүргізіп, олардың білім беру, оқыту, педагогика туралы келешектегі ой-пікірлері бүгінгі шындыққа қаншалықты сәйкес келетіні және қазіргі уақытта өзекті болып табылатыны туралы қызықты зерттеулерге толы баяндамасын жеке атап өтуге болады.

Расында да, онлайн кеңістік қазір қарым-қатынастың негізгі ортасына айналды. «Цифрлық із», «кибер көлеңке» немесе «цифрлық көлеңке» сияқты ұғымдарды жиі естиміз. Бұл не? Бұл біз онлайн кеңістікте қалдыратын іздеріміз. Мысалы, біз хабарлама алмасатын чаттарда із қалады. Ресми статистикаға сүйенсек, 1 минуттың ішінде Google-ге 3,8 миллион адам, Facebook-қа 1 миллион, Youtube-те 4,5 миллион видео қаралған, Instagram-да 46 200 пост жарияланған, 188 миллион электронды хат жіберілген.

Бұл семинар онлайн-кеңістікте өзіндік ізін қалдырды: 260 тренерді тіркеу, онлайн-сервистерді пайдалану, тіпті ZOOM онлайн-алаңының чатында шамамен 3 700 хабарлама жазылған. Бұл дегеніміз таныстырылымдар мен сөз сөйлеулер қатысушылардың қызығушылығын тудырғанын көрсетеді. Расымен де, семинарға қатысушылар қашықтан білім беру бастамаларын ілгерілету аясында ынтымақтастықты жалғастыруға қызығушылық таныта отырып, іс-шараның мазмұндылығы мен практикалық маңыздылығын атап өтті.



Қаралым: 106
Жарияланған: 28 Мамыр