Жаңалықтар

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары мәдениет және өнер майталмандарын құттықтады


Мәдениет және өнер қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтаған Назарбаев Зияткерлік мектептері оқушылары мен мұғалімдерінің игі тілектері Мәдениет және спорт министрлігінің ресми аккаунттары мен әлеуметтік желі парақшаларында жарияланды.

Бүгінде өнер қайраткерлері Асанәлі Әшімов, Бибігүл Төлегенова, Болат Аюханов, Алтынай Асылмұратова, Айман Мұсаходжаева, Жания Аубакирова, ЕрболатТогузаков, Ескендір Хасанғалиев, Нұрғали Нүсіпжанов, Меруерт Өтекешева, Роза Рымбаева, Нағима Есқалиева, Елена Абдыхалыкова, Сүндет Байгожин, Нұрлан Әлімжанов сынды есімдер қазақ мәдениетінің символына айналды. Жаңа толқынның ең жарқын, танымал өкілдері ретінде Самал Еслямова мен Димаш Құдайбергенді айтуға болады. Олардың барлығы отандық және әлемдік мәдениеттің өркендеуіне елеулі үлес қосуда.

Зияткерлік мектептер кинематография, театр, опера, балет, монументалды өнер, көркем сурет, эстрада, хореография саласының мамандары мен мұражай қызметкерлерімен, түрлі шығармашылық ұжымдармен тығыз достық қатынас орнатқан.

Кәсібі – өмірлік ісі, өнерге қызмет ету – өмірінің мәніне айналған айтулы тұлғалардан оқушылар үлгі-өнеге алады.

Кеше барлық Назарбаев Зияткерлік мектептерінің ресми аккаунттары мен әлеуметтік желі парақшаларында оқушылар мен мұғалімдер мәдениет және өнер қызметкерлерін кәсіби меркесімен құттықтады.

https://drive.google.com/file/d/1zevV832owhbORq__YGOnYqczoFHttpsa/view

 


Қаралым: 129
Жарияланған: 22 Мамыр