Жаңалықтар

Онлайн режимдегі әдістемелік қолдау жалғасады


Педагогикалық шеберлік орталығы Зияткерлік мектептердің мұғалімдерін әдістемелік қолдау бойынша вебинарлар сериясын аяқтады. 20 вебинар қашықтан оқытуды тиімді ұйымдастырудағы түрлі басымдықтарға, атап айтқанда, апта мен тоқсанға арналған оқу жоспарларын дайындауға, оқушылардың назарын онлайн сабақтарға аудартуға, онлайн-платформаларда оқуға мотивацияға, қалыптастырушы бағалаудың құралдарын қолдануға және кері байланысты қамтамасыз етуге арналған. Кәсіби диалог барысында ПШО тренерлері сәуір айында Зияткерлік мектептердің 7-11 сыныптарында өткізілген 11 пән бойынша 300-ден астам онлайн сабақты бақылау нәтижелерін талдады.

Әрбір вебинардың нақты құрылымы болды, топтық пікірталастар ұйымдастырылды және жедел байланыстың арқасында әдістемелік қолдаудың бағыттары мен тақырыптары анықталды. Мұғалімдер бірнеше апта бойы қашықтағы форматта жұмыс барысында вебинарлар, ашық алаңдар ретінде, кәсіби ынтымақтастық үшін оңтайлы жүйе мен бірлескен ортаға айналды.
 
Вебинар қатысушылары төмендегідей пікірлер білдірді:

«Менің ойымша, қашықтан оқыту кезеңінде тренерлердің вебинарларды өткізуі біз, мұғалімдерге әдістемелік қолдау көрсетуде дер кезінде жасалған әрекет. Талқыланатын тақырыптардың әрқайсысы өз тәжірибеңді және жаңа форматтағы оқытды сараптауға көмектеседі. Тәжірибе алмасуға және саралаудың тиімді әдістерін, оқушылармен жұмыс формаларын талқылауға мүмкіндік берілді ».

Амина Сабитова, Нұр-Сұлтан қ. ХМ

«Бәрі түсінікті, нақты. Нақты ойлар мен тұжырымдар! »

Ирина Бабич, Павлодар қ. ХББ НЗМ

«Топта жұмыс жасағаным есімде қалыпты. Кері байланысты қамтамасыз ету қағидаларын ұстанамын. Бүкіл вебинардың басынан аяғына дейін пайдалы болды ».

Жанар Каримсакова, Ақтөбе қ. ФМБ НЗМ

«Мен кері байланыстар туралы зерттеулерді Джон Хэттидің «Көрнекі оқу» еңбектерінен білдім. Енді мен кері байланыс берудің басқа тәсілдерін білемін» .

Марал Изыкулова, Қызылорда қ. ФМБ НЗМ

«Бұл өзекті мәселелер, әріптестердің практикалық кеңестері менің жұмысыма көмектесті. Ең құнды ақпарат – қорланған жүйе. Қолдау көрсеткеніңіз үшін рахмет!»

Дина Бурханова, Атырау қ.ХББ НЗМ



Қаралым: 100
Жарияланған: 21 Мамыр