Жаңалықтар

ЖӘК: 60,5 миллион жүктеулер!


Қашықтан оқытуға көшу кезінен Назарбаев Зияткерлік мектептерінің басты ақпараттық ресурстарының бірі — Жүйелік-әдістемелік кешеніне деген сұраныс арта түсті.

«Жүйелік-әдістемелік кешен» ақпараттық ресурсы (бұдан әрі – ЖӘК), http://smk.edu.kz/ - орта білім мазмұнын жаңарту аясында Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлеріне әдістемелік қолдау көрсету мақсатында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің педагогтарымен құрылған ауқымды онлайн платформасы болып табылады.

Портал оқу үдерісін ұйымдастыруға қажетті оқу бағдарламалары мен сабақ жоспарлары, презентациялар, бағалау құралдары, дидактикалық материалдар, аудио және бейнематериалдарды қамтиды.

Бүгінде ЖӘК-не тіркелген пайдаланушылар саны 341 748 адамға жетті.

2020 жылғы 3 сәуірдегі деректер бойынша 60,5 миллион жүктеліп алынған материалдар ресурстың зор сұранысқа ие екендігінің айқын дәлелі.

Сонымен қатар, порталда форум қызметін атқаратын «Пікірталас алаңы» бөлімі құрылған. Аталмыш форумда «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ қызметкерлері әр түрлі бағыттардағы тақырыптар бойынша кәсіби кеңес береді.




Қаралым: 118
Жарияланған: 07 Сәуір