Жаңалықтар

НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕРІНІҢ ОҚУШЫЛАРЫ МЕН ОЛАРДЫҢ АТА-АНАЛАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!


 «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы  Зияткерлік мектеп оқушыларын 2020 жылдың 6 сәуірінен бастап қашықтықтан оқытады.

 Қашықтықтан оқыту Microsoft Teams платформасында мектеп әкімшілігі ұсынған  кестеге сәйкес ұйымдастырылады.

Қазіргі уақытта аталған платформада барлық оқушылардың тіркеулік жазбалары жасалып, онлайн сыныптар құрылуда. Пайдаланушыларға көмек көрсету қызметі ұйымдастырылады, толық ақпарат дербес білім беру ұйымының ресми сайтында (https://www.nis.edu.kz) жарияланады.

Оқу үдерісін ұйымдастыру және оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауға байланысты нормативтік құжаттар әзірленді. Бұл құжаттар Назарбаев Зияткерлік мектептерінің Интернет ресурстарында жарияланады.

Қашықтықтан оқыту балалар үшін де, мұғалімдер, мектеп әкімшілігі, ата-аналар үшін де өзгеше жағдай екенін түсінеміз. Сондықтан оқу үдерісіне мониторинг жүргізіліп отырады.

Туындайтын мәселелерді дер кезінде шешу үшін жұмыс тобы құрылды.

Сондай-ақ, оқу үдерісін қашықтықтан оқыту форматында өткізуге қатысты туындайтын оқушылардың сұранысына сәйкес,ағымдағы жылдың тамызында  білім беру бағдарламасының барлық пәндерінен Жазғы консультация ұйымдастырылады:

·       8-10 сыныптар үшін – 10-20 тамыз аралығында,

·       11-12 сыныптар үшін – 10-25 тамыз аралығында.

Жазғы консультация Зияткерлік мектептерде ұйымдастырылады, ауылдық жерлерден және шағын қалалардан келген балалар жатақханамен қамтамасыз етіледі.

Бұл бағыттағы жұмыс жаңа оқу жылында да жалғасады.

Қыркүйек айында  оқушылардың білімдері мен дағдыларындағы олқылықтарды анықтау мақсатында, оқу жетістіктеріне мониторинг жүргізіледі. Мониторинг нәтижелеріне сәйкес оқушыларға қолдау көрсетіледі.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» 

дербес білім беру ұйымының Басқармасы 

26 наурыз, 2020 жыл

 



Қаралым: 70
Жарияланған: 26 Наурыз