Жаңалықтар

БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРСТАРЫНЫҢ ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ФОРМАТЫНА КӨШУІ


 Қазақстан Республикасының аумағында төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы (2020 ж. 15 наурыздағы № 285) және ҚР БҒМ бұйрығының (2020 ж. 14 наурыздағы №108) негізінде 2020 жылдың 16 наурызынан бастап «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы педагогтердің біліктілігін қашықтықтан оқыту курстарын өткізеді.

Қазіргі уақытта іске асырылып жатқан курстарды табысты аяқтау мақсатында қашықтықтан оқыту форматында 2000-ға жуық педагог және білім беру ұйымдарының басшылары келесі біліктілікті арттыру бағдарламалары бойынша оқытудан өтеді:

- жалпы білім беру ұйымдары басшылары;

- мектепке дейінгі ұйым педагогтері;

- мектеп психологтері;

- бағалау үшін тапсырмаларды әзірлеушілер;

- сабақты зерттеу бойынша мектеп тренерлері;

- орта білім беру мазмұнын жаңарту бойынша жоғары оқу орындары мен колледж оқытушылары;

деңгейлік бағдарламалар бойынша ЖОО мен колледж оқытушылары.

Білім беру бағдарламаларының оқу жоспары толық көлемде орындалып, біліктілікті арттыру курстарын бітіргені туралы сертификаттар табысталады.



Қаралым: 107
Жарияланған: 23 Наурыз