Жаңалықтар

"Мен уақытты Елбасының сағатына қарап анықтаймын"


 - Мен уақытты Елбасының сағатына қарап анықтаймын, - дейді Жаннұр Мауытова өзінің кәсіби жетістігі туралы сұрағанда.

Ақтау қаласындағы Назарабев Зияткерлік мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жаннұр Мауытова тура және ауыспалы мағынада Елбасы сағатымен өмір сүреді. Жаннұр кезінде Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен ең дарынды оқушы ретінде кездескен.

Бүгінде Жаннұр Қалыбайқызы Ақтаудағы Зияткерлік мектебінде «Үздік мұғалім - 2020» ретінде мойындалған. Ал елордадағы «Менің ұстаздық ұстанымым» көрмесіндегі таныстырылымы көрермендерді ұлттық ерекшелігімен таңқалдырды.

Жаннұр сабақта және одан тыс уақыттарда оқушылардың қазақ әдебиетіне, мәдениеті мен тарихына, салт-дәстүріне деген қызығушылығын өз өнегесі арқылы оятады.



Қаралым: 79
Жарияланған: 23 Наурыз