Жаңалықтар

Шабыт:«Тағдырлар. Есімдер. Абай»


Белгілі ғалым Ерлан Арынның «Тағдырлар. Есімдер. Абай» атты көпшілікке арналған дәрісі атақты қазақ ақыны Абайға арналды.

Ерлан Арын ұлы ақын, философ, композитордың шығармашылық мұрасы, оның  ұлттық өзін-өзі идентификациялаудағы рөлі, абайтанудың заманауи басымдылықтары бойынша өзінің жеке көзқарасын жеткізді. Абай өмірі жайлы беймәлім фактілеріне, оның еңбектерінің мұрағаттық зерттеулеріне, Абай қалыптастырған үйлесімді тұлға «толық адам» концепциясына  ерекше назар аударды. Ерлан Мұхтарұлы мерейтой қарсаңында жастардың қазақ халықының мандайына біткен ұлы ақын өмірі мен шығармашылығына деген қызығушылығы артып келе жатқанын атап өтті.

«Тағдырлар. Есімдер. Абай» – бұл «Шабыт» педагогикалық шеберлік орталығының жаңа жобасы аясындағы екінші ашық дәрісі. Бірінші кездесудің кейіпкері –көрермендерге ерекше әсер сыйлаған белгілі ақын, композитор, айтыскер, әнші Елена Абдыхалықова. Астаналық зияткерлік мектептердің қызметкерлері үшін «Шабыт» жасаған әрбір іс-шара оларға  тура мағынасында да шабыт беріп игі дәстүрге айналып отыр.



Қаралым: 107
Жарияланған: 21 Ақпан