Жаңалықтар

Назарбаев Зияткерлік мектептері Халықаралық бизнес университетімен меморандумға қол қойды


«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ мен Халықаралық бизнес университеті (UIB) арасында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды.

Меморандум Зияткерлік мектеп түлектері үшін бакалавриаттың жеделдетілген бағдарламалары бойынша оқуға түсу үшін мүмкіндіктер ашады. UIB Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 12-сынып Сертификатын мойындайтын отандық және шетелдік жоғары оқу орындарының тізіміне енді.

UIB келесі оқу бағдарламалары бойынша білім береді: «Құқық және экономика негіздері мұғалімдерін даярлау», «Саясаттану және азаматтану», «Психология», «Журналистика және репортерлік іс», «Менеджмент және басқару», «Аудит және салық салу», «Қаржы, экономика, банк және сақтандыру ісі», «Маркетинг және жарнама», «Құқық», «Ақпараттық технологиялар», «Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі», «Туризм», «Көлік қызметтері».

ЖОО-да қос және үш диплом бағдарламалары жүзеге асуда. UIB студенттері Solbridge Business School (Оңтүстік Корея), Wyzsza Szkola Biznesu – National Louis University (Польша), Ningbo University (ҚХР), University of Bedshire (Англия) және Г. Плеханов атындағы Ресей экономикалық университеті бағдарламаларына түсуге мүмкіндігі бар.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылы NIS Certificate «Тұран» мен Атырау Мұнай және Газ университетері (АМГУ) тарапынан мойындалды. Бүгінгі таңда Зияткерлік мектептердің түлектерін бакалавриаттың жеделдетілген бағдарламаларына қабылдайтын қазакстандық жоғары оқу орындарының саны 17-ні құрады. Атырау университеті сондай-ақ Зияткерлік мектептерді артықшылық берілген мектептер тізіміне енгізіп, NIS түлектеріне атаулы стипендиялар беруге бел буып отыр.



Қаралым: 203
Жарияланған: 21 Ақпан