Жаңалықтар

Тараздағы НЗМ «Нұр» би ансамблі – халықаралық өнер байқауының І дәрежелі лауреаты


Тараз қаласындағы Зияткерлік мектебінің «Нұр» би ансамблі Алматы қаласында өткен халықаралық «Grand premium» өнер байқауында І дәрежелі лауреат атанды.

Қазақтың ұлттық биін ұсынған мектеп ұжымы Ресей, Өзбекстан және Қазақстанның 20-дан астам ансамбльдерінің арасында бірінші орынға ие болды.

Байқау нөмірлерін еліміздің үздік концерттік алаңдарында және өнер университеттерінде жұмыс істейтін атақты хореограф-педагогтар бағалады. Олар өнерпаздардың техникалық дайындығына, композициялық шешімдеріне және бишілердің әртістік өнеріне ерекше мән берді.

– Байқауға ең үздіктердің үздігі қатысты. Алайда, әсерлі де тартысты күреске қарамастан, сахна артында достық атмосферасы орнады. Тәжірибелі бишілер жас конкурсанттарды қолдап, кеңестерімен бөлісіп отырды. «Grand premium» биші қыздарымызға жаңа биіктіктерді бағындыруға жақсы ынта болмақ, – деп атап өтті би тобының жетекшісі Ботагоз Мещерская.  



Қаралым: 254
Жарияланған: 20 Ақпан