Жаңалықтар

Айдарбек Айтпукешев Орал қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры болып тағайындалды


                Айта кетейік, NIS бұрынғы директоры Шолпан Маратқызы Қадырова Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасының басшысы қызметіне  тағайындалды.

Айдарбек Төлепұлы А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын филология факультеті бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын орыс тілі және әдебиеті мұғалімі ретінде бастап, кейін Жәнібек ауданындағы мектеп директорының орынбасары, мектеп директоры болды.

Әр жылдары Батыс Қазақстан облыстық педагог кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректоры, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының Орал қаласындағы филиалы директоры қызметін атқарды. Соңғы алты жылда Атырау қаласындағы химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебін басқарған.



Қаралым: 166
Жарияланған: 25 Қаңтар