Жаңалықтар

Құралай Ахмадиева Атыраудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұжымына таныстырылды


Құралай Ахмадиева Шығыс Қазақстан облысының Сәрсен Аманжолов атындағы мемлекеттік университетін үздік бітірген. Білім беру саласында 17 жылдан астам тәжірибесі бар. Тарих ғылымдарының магистрі, мұғалім – эксперт. 

Атыраудағы Зияткерлік мектепке дейін ол Нұр-Сұлтан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде оқу орынның даму жөніндегі директордың орынбасары қызметінде болған. 
Бұған дейін мұнайлы өңірдегі Зияткерлік мектепті басқарған Айдарбек Төлепұлы Айтбөкешев Орал қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры болып тағайындалды. Айдарбек Айбөкешевтың басшылығымен Атырау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі зор жетістіктерге жетті. 2017 жылы оқу орны CIS Халықаралық мектептер Кеңесінің аккредитациясын алды. 2014-2019 жылдар аралығында мектептің білім сапасы артты. Оқушылардың Халықаралық IELTS емтиханының көрсеткіштері 5,2 ұпайдан 6,6 ұпайға өсті. Мектеп қоржынында 13 алтын, 16 күміс және 21 қола медальдар бар. 2018 жылы Атыраудағы Зияткерлік мектеп республика бойынша қоғамдық және гуманитарлық пәндерден «Үздік Олимпиадалық мектеп» атанды.  
 
«Рухани Жаңғыру» кіші жобалық кеңсесі республика бойынша орта білім беру саласындағы әдістемелік алаң ретінде үздік деп белгіленді. Мектеп директорының бастамасымен мұғалімдердің кәсіби дамуына арналған «Үздік тәжірибе», «Орта мектептердегі үздік педагогтардың класстері», «Педагогикалық дуэт» сынды жобалар іске асырылды. 


Қаралым: 213
Жарияланған: 24 Қаңтар