Жаңалықтар

Талдықорғандағы НЗМ: БАҚ өкілдеріне арналған «Ашық есік күні»


 Пресс-тур экскурсиядан басталды, өзін-өзі басқару ұйымының көшбасшылары қонақтарға мектептің құндылықтары мен миссиясы туралы мәлімдеді. ХХІ ғасыр мектебі - бұл қазіргі заманғы әдемі ғимарат пен жаңа технологиялармен жабдықталған сынып бөлмелері ғана емес, ең алдымен баланы өмірге дайындау, қаржылық сауаттылық, коммуникация және креативтілік, ақпараттық технологияларды меңгеру сынды дағдыларға екпін қоюда.

Ашық есік күнінің салтанатты ашылуында білім беру мекемесінің директоры Виктор Николаевич Сосин журналистерге ақпараттық ынтымақтастық үшін алғыс хаттар тапсырды.

Содан кейін қонақтар физика, Қазақстан тарихы, жаһандық перспективалар және дизайн жұмыстары, ART, биология және химия пәндерінен ашық сабақтарға қатысып, біраз уақыт оқу процесін бақылады.

Журналистерді қарт адамдарға қолдау көрсетуге бағытталған әлеуметтік тәжірибе, атап айтқанда «Ұрпақтар сабақтастығы» жобасы ерекше қызықтырды. Бұл күні ата-әжелер үшін өнер және қолөнер бойынша шеберханалар ұйымдастырылды. Есту қабілеті бұзылған балаларға арналған «Жүректің қалауымен» атты ағылшын тілін үйренуге арналған жоба, Шымыр кентінің мектеп оқушыларына арналған «Ағылшын клубы» да қонақтар назарынан тыс қалған жоқ.

– Назарбаев Зияткерлік мектебінің қабырғасында мен өзімді алдымен қонақ, ата-ана, содан кейін тек журналист ретінде сезіндім. Оқу процесін, үйірмелерді, балалардың жобаларын көріп, мектептің өзін-өзі басқарумен таныса отырып, Зияткерлік мектеп - бұл барлығына арналған мектеп деп айта аламын, бұл мекемеде оқуға бәрі лайықты», – деп «Білім Шапағаты» республикалық педагогикалық газетінің тілшісі Елена Ткаченко өз пікірімен бөлісті.

Баспасөз конференциясында БАҚ өкілдеріне мектептің 10 жыл ішіндегі жетістіктері, Назарбаев Зияткерлік мектептеріне қабылдау ережелері және 2020-2021 оқу жылына конкурстық іріктеу туралы айтылды. Үміткерлердің құжаттары 2019 жылдың 18 желтоқсан күнінен 2020 жылдың 31 қаңтарына дейін қабылданады.

Талдықорған қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі өз есігін 2010 жылдың 1 қыркүйегінде ашты. Сабақта, спортта, әлеуметтік жобаларда: барлық жерде көшбасшы болуға ұмтылу – білім беру үдерісінің барлық қатысушылары үшін басты бағдар.

 


Қаралым: 229
Жарияланған: 16 Қаңтар