Жаңалықтар

Тараз қаласындағы НЗМ директоры Тимур Нұркешовтың жобасы республикалық конкурста жеңіске жетті


Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры Тимур Нуркешовтің жобасы «Дарын» РҒБО ұйымдастырған «Педагогикалық идеялар фестивалі»  атты республикалық конкурста бірінші орынды жеңіп алды.

– Аталған модельді мектептерде 1 сыныптан бастап, жоғарғы оқу орына түскенге дейінгі аралықта жүзеге асырып, оқушыны жан-жақты дамыту құралы ретінде пайдалануға болады. Яғни, оқушының академиялық жетістігінің артуы, кәсіби бағдарлануы, жеке уақытын тиімді пайдалануы, өзін-өзі басқаруы, жетістікке жетуі сияқты бірнеше мүдделерді қамтиды, – деген пікірімен бөлісті идея авторы Тимур Сейітқажыұлы. 

Идеяны байқауға ұсынғанға дейін Тимур Нуркешов бастаған жұмыс тобы оқушының даму траекториясын анықтаған. Анықтау барысында емтихан қортындысы, психологиялық мониторинг нәтижесі, дарындылықты анықтау сынамалары, пән бойынша мониторинг нәтижелері, сұхбаттар нәтижесі талданып, оқушы туралы ақпарат жүйелеген. Нәтижесінде оқушыны даму траекториясы арқылы дамыту моделі құрылған.

Айта кетейік, оқушыны даму траекториясы бойынша дамыту моделі «Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық байқауында таныстырылып, қазылар алқасының жоғары бағасына ие болған. Мектеп басшысы жобаны арықарай дамытып, оның қолдану аясын кеңейтуді жоспарлап отыр.

«Кейбір тригонометриялық өрнектерді түрлендірудің тиімді жолы» идеясын таныстырған Тараздағы НЗМ математика мұғалімі Рысбек Жүсіпназаров байқау ұйымдастырушылары «Дарын» РҒП орталығының грамотасымен марапатталды.

Фестивальде әр өңірден келген директорлар, директор орынбасарлары, педагогтар, тәрбиешілер мен әдіскерлер, психологтар педагогикалық идеяларын ТЕДх форматында ұсынған. 

 



Қаралым: 92
Жарияланған: 17 Қаңтар