Жаңалықтар

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің өкілдері CIS халықаралық форумына қатысты


«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ өкілдері Испанияның Бильбао қаласында жылда өткізілетін CIS халықаралық рекрутинг және кәсіптік бағдарлау (CIS Global Forum on International Admission and Guidance) форумына алғаш рет қатысты. Испандық Бильбаода әр түрлі мемлекеттерден 800 аса университеттер мен мектептердің өкілдері кездесті.

Халықаралық форумның басты мақсаты – дүниежүзілік жоғарғы оқу орындарына түсу рәсімін жетілдіру үшін бүкіл әлемнен жиналған университеттер мен мектептердің коммуникация және нетворкинг платформасын ұйымдастыру.  Қабылдау сұрақтарын талқылау барысында «оқушы» статусынан «студент» статусына ауысқан түлектерге психологиялық қолдау көрсетудің қажеттілігі ерекше аталып өтілді. 

Секциялық отырыстарда жаһандық азаматтық үшін көшбасшылық,  дипломдық кіріктірілген бағдарламаларды түсіну және бағалау, мектептегі аккредитациялау, мектептен жоғары оқу орнына ауысуды психологиялық қолдау секілді қатысушы мелекеттердің барлықтары үшін бірдей маңыздылыққа ие басым тақырыптар  талданды.

 «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ қызметкерлері Modul University of Vienna (Австрия) және Tashkent International School өкілдерімен бірлесіп, білім беру жүйелері туралы баяндама жасады. Форум ұйымдастырушылары ең қызықты және ең көп қатысушылар кірген секциялардың бірі екенін атап өтті.

Сондай-ақ, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ форум аясында өткен мектептердің білім көрмесіне қатысты. Көрмеде Солтүстік Америка, Еуропа және Азияның орта білім беру ұйымдарының 400-ден астам өкілі өздерінің оқу орындары туралы ақпарат ұсынды.

Форум аясында ұйымдастырушылар өткізген фотоконкурстың нәтижесі бойынша NIS желісінің мектебі жеңімпаз атанды. Байқаудың негізгі мақсаты елді және / немесе ұйымды бейнелейтін шығармашылық фотосуретті ұсыну еді және фотосуреттер әлеуметтік желілірде жарияланды. Жеңімпаз атанған фотосуреттің авторлары Көкшетау Зияткерлік мектебінің оқушылары.

 



Қаралым: 97
Жарияланған: 03 Желтоқсан