Жаңалықтар

Он сегіз Назарбаев Зияткерлік мектебі CIS-тен халықаралық аккредитациядан өтті


Назарбаев Зияткерлік мектептері үшін Халықаралық мектептер кеңесінен (CIS) аккредитациядан өту айтулы оқиға болып табылады. Себебі бұл ұйым білім саласындағы соңғы жетістіктер мен жоғары стандарттарды ілгерілетуге бағытталған әлемдік деңгейдегі таңдаулы білім беру ұйымы. 

Бүгінгі таңда Халықаралық мектептер кеңесінен Назарбаев Зияткерлік мектептерінің он сегіз мектебі – Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының екі мектептері және Семей, Өскемен, Көкшетау, Атырау, Қызылорда, Ақтөбе, Орал, Талдықорған, Тараз, Павлодар, Қарағанды, Ақтау қалаларының мектептері аккредитациядан өтті. 

Аккредитациядан өту процедурасы ұзақ және жан-жақты жұмыс жүргізуді қажет етеді және ол мектепте тікелей инспекция жүргізілгеннен кейін аяқталады. CIS сарапшылары Зияткерлік мектептер әлемдік стандарттың барлық қатаң талабына сәйкес келетіндігін мойындады. 

Зияткерлік мектептердің жаңа статусы педагогикалық ұжым мен оқушылар үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Қазіргі уақытта Халықаралық мектептері кеңесі белді клубқа көптеген мемлекеттердің флагмандық мектептері мен оқу кешендері мүше. Сонымен қатар, ұйым әлемнің үздік 50 университетімен ынтымақтастық орнатқан, яғни бұл университеттер аккредиттелген мектеп түлектерін оқытуға мүдделі. 

Жоспар бойынша 2019 жылдың соңына дейін барлық Зияткерлік мектептер халықаралық аккредитациядан өтеді деп жоспарлануда.



Қаралым: 21191
Жарияланған: 21 Тамыз