Жаңалықтар

«Cалынып жатқан Назарбаев Зияткерлік мектептерінің дирекциясы» жеке мекемесі Ұлттық бизнес-рейтингінің қорытындысы бойынша «Сала көшбасшысы-2013» бағытында жеңімпаз атанды


Рейтинг шеңберінде Қазақстан, Ресей, Белоруссия және Украинаның 300 үздік кәсіпорынынан осы елдер экономикасының айтарлықтай табысты көшбасшылары аталып өтілді. Рейтингідегі Топ-орын тауарлар сапасының, компания бәсекелестігі мен сенімділігінің кепілі. 

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының «Салынып жатқан Назарбаев Зияткерлік мектептерінің дирекциясы» жеке мекемесі «Сапа көшбасшысы – 2013» ұлттық сертификатының иегері атанды. Мекеме бұл беделді атаққа ресми статистика деректеріне сәйкес Қазақстан Республикасының шаруашылық қызметі субъектілерінің толық тізімін саралау қорытындысы бойынша ие болды. Кәсіпорын Қазақстанның орташа кәсіпорындары арасында ОКЭД 71.12 бойынша ТОП-15-ке кірген. 

Сауда-өнеркәсіптік рейтингі, Ұлттық бизнес-рейтинг, Статистикалық зерттеулердің ғылыми-ақпараттық орталығы, Ұлттық бизнес-рейтингілердің халықаралық рейтингілік одағы компаниялары бағалаған. 

Ұлттық, Федералдық Сертификаттар мен Ұлттық бизнес-рейтингтен Экономика Көшбасшысының символикасымен Қабырға медальдары бұрыннан бері кәсіпорын табыстылығының баламасы және әрбір қатысушы елде нағыз экономика көшбасшысының жоғары беделінің символы қызметін атқарып келетінін атап өткен жөн. 

«Сала үздігі» номинациясынан басқа, кәсіпорындар  «Жыл маманы», «Жыл басшысы», «Қаржы және аудит саласындағы жыл маманы» бағыттарында да сынға түседі.

2013 жылғы тамызда Ұлттық Бизнес Рейтинг Ұлттық бизнес-рейтингілері одағымен және Стратегиялық зерттеулер ғылыми-ақпараттық орталығымен бірлесе отырып, Қазақстан, Ресей, Украина және Белоруссия экономи көшбасшыларын марапаттаудың Х халықаралық салтанатының ұйымдастырушылары болды. Іс-шараға мыңдаған адам жиналды.   

Күн сайын жер шарының барлық жерлерінде миллиондаған кәсіпорындар жұмыс істеп жатады, тонналаған тауарлар шығарылып, сатылуда, жүз мыңдаған қаржылық операциялар жүргізілуде. Барлық бизнес-процестер тұрақты өтуі үшін, компанияларға, банктерге, сақтандырушыларға, инвесторларға мәміле жасау, кредитке тауар беру, аутсорсинг бойынша қызметтерге табыс беру және басқалар туралы шешімдерді жылдам қабылдауға мүмкіндік беретін әлеуетті бизнес-серіктестердің сенімділікті бағалаудың жалпыға танымал әдістері қажет.   

Бизнес-рейтинг, көптеген жағдайларда, - бұл белгілі бір уақыт кезеңі үшін нақты статистикалық көрсеткіштер бойынша кәсіпорындардың немесе елдердің қызметінің нәтижелерін бағалау. Практика көрсеткендей, кешенді бағалау тұтынушылар мен әлеуетті серіктестерге кәсіпорындар туралы жалпы пікір жасауға мүмкіндік беретін айтарлықтай объективті нәтижелер береді. 

Рейтингтер нарықты неғұрлым айқын етеді, бәсекелестер үшін тең жағдайлар жасайды, клиенттерге кәсіпорынның қаржы-экономикалық көрсеткіштерін салыстыруға және неғұрлым сенімді және табысты серіктестерді таңдауға мүмкіндік береді. Рейтингідегі жақсы орын тауар сапасының, көрсетілетін қызметтердің бәсекеге қабілеттілігінің, кредиторлар алдында қарыздық міндеттемелерін орындаудың және т.б. көрсеткіші қызметін атқарады.  Егер компания банктен ссуда алғысы немесе тендерге қатысқысы келсе, рейтингідегі топ-орын оның кредитке қабілеттілігі мен сенімділігінің кепілі болады. 

Ұлттық бизнес-рейтинг – мемлекеттік органдардың Қазақстан статистикасының көрсеткіштері негізінде Қазақстан кәсіпорындарын рейтингілеудің жыл сайынғы жалпы мемлекеттік тәуелсіз бағдарламасы. «Сауда-өнеркәсіптік Қазақстан» халықаралық баспасының және «Статистикалық зерттеулердің ғылыми-ақпараттық орталығы» тәуелсіз ақпараттық-талдау агенттігінің қолдауымен. Өндірісті бағалаудың, төлеуге қабілеттіліктің, ресурстарды пайдалану тиімділігінің, әлеуметтік салымның, инвестициялық тартымдылықтың, мемлекеттік статистика қызметі ұсынатын басқа да нақты деректері ғана пайдаланылады.



Қаралым: 4356
Жарияланған: 11 Желтоқсан