Жаңалықтар

Алматы қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 7 сыныбына үміткерлерді іріктеу конкурсының нәтижелері белгілі болды


Естеріңізге сала кетейік, конкурстық іріктеу 2013 жылғы 23, 24 қарашада Алматы қаласында өткізілді. Мектеп оқушылары 2013 - 2014 оқу жылына Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 7-сыныбында оқу үшін іріктелді.

Алматы қаласындағы алғашқы Зияткерлік мектепке балалар конкурстық іріктеудің жаңа жүйесі бойынша қабылданды. Назарбаев Зияткерлік мектептеріне оқушылар қабылданған соңғы бес жылда тестілеудің мұндай жүйесі алғаш рет қолданылуда. Оны әзірлеуде халықаралық тәжірибе есепке алынған. Тест тапсырмаларын «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ стратегиялық серіктестер – Cito Педагогикалық өлшемдер институтымен (Нидерланды) және Джонс Хопкинс CTY Университетінің Дарынды жастар орталығымен (АҚШ) бірлесе отырып әзірлеген. Іріктеуде осы серіктестерден халықаралық бақылаушылар - Шюрд Кранс, Cito (Нидерланды) және Симеон Бродский CTY (АҚШ) қатысты. Сарапшылар өз түсініктемелерін айтып, тесттің өтуі туралы бақылаулармен бөлісті.  

Жұмыс істеп тұрған жүйеде тесттер білімнің белгілі бір деңгейіне және тек ішінара оларды қолдана білуге бағытталған болса, жаңасында – тесттер білім деңгейін, оны қолдану дағдыларын, функционалдық сауаттылыққа, жаратылыстану-математикалық ғылымдарды зерделеуге қабілеттерді анықтауға бағытталған, бұл Зияткерлік мектептерде оқу үшін маңызды.

Тест сұрақтары бірқатар өзгерді, енді онда түрлі өмірлік жағдайлар, диаграммалар, кестелер мен суреттер пайдаланылады. Сонымен қатар, тесттердегі сұрақтар логиканы бағалауға, сандармен жұмыс істей білуге, үшқырлы объектілерді ойша айналдыру қабілеттеріне, көре есте сақтау қабілетін тексеруге де бағытталған, бұл жаратылыстану-математика бағытындағы мектеп оқушылары үшін өте маңызды.

Тілдер бойынша сұрақтар тілдік құзыреттерді тексеруге грамматика ережелері арқылы емес, мәтінмен жұмыс арқылы бағытталған.

Тест нәтижелері www.nis.edu.kz және кешенді тестілеу өткізу ғимаратында тестілеудің екінші күні аяқталғаннан кейін бес аптадан кейін орналастырған.

          7 сыныпқа үміткерлердің нәтижесі 



Қаралым: 10762
Жарияланған: 24 Желтоқсан