Жаңалықтар

Назарбаев Зияткерлік мектептерінде білім алу үшін резервтік тізімде тұрған 326 үміткер "Өркен" білім беру грантының иегері атанды


2013 жылғы 19 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіповтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау жөніндегі республикалық комиссия отырысы өткізілді. 

Республикалық комиссия Ақтөбе, Көкшетау, Семей, Талдықорған, Тараз, Орал, Шымкент қалаларындағы физика-матемкатикалық және Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Өскемен, Шымкент қалаларындағы химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7, 8, 9 сыныптарында білім алатын резервтік тізімде тұрған 326 үміткердің құжаттары ұсынылды.

Республикалық комиссия шешімімен 326 оқушы «Өркен» білім беру грантының иегері аталды.

Грант иегерлерінің тізімі



Қаралым: 6219
Жарияланған: 24 Желтоқсан