Жаңалықтар

Ағылшын тіліндегі "Discover Kazakhstan" эссе конкурсының аяқталуына 6 күн қалды. Өз шығармаларыңызды жіберуге асығыңыз!


Шығармашылық сайысқа елдегі зияткерлік және жалпы білім беру мектептерінің 9-12-сынып оқушылары қатыса алады. Тапсырыстар 2013 жылғы 12 қарашаны қоса алғандағы кезеңге дейін қабылданады. 

Үшінші жыл сайынғы «Discover Kazakhstan» (Қазақстанды танып біл) эссе конкурсы үстіміздегі жылы «Бір халық - бір ел - бір тағдыр» ұранымен өткізіледі.  

Конкурстың негізгі мақсаты: Қазақстанды әлемдік қоғамдастыққа таныту, шетел азаматтарын республика мәдениетімен, дәстүрлерімен, табиғи-климаттық жағдайларымен, қоғамдық-саяси құрылымымен, экономикалық дамуымен және жетістіктерімен таныстыру. 

Конкурс мектеп оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту, ойлау қабілеттерін кеңейту, ағылшын тілін қолдану дағдыларын нығайту үшін бірегей алаң болып табылады. Бұған дейінгі екі конкурсқа тапсырыстар Қазақстанның түкпір-түкпірінен қабылданған. Оқушылар арасында конкурстың танымалдығын дәлелдеген «Discover Kazakhstan» жоғары рейтингі оны үшінші рет өткізуге түрткі болды.     

Шығармашылық конкурстың ерекшелігі оған республикамыздың жалпы білім беру мектептері оқушыларының қатысуында болып отыр.

Конкурс жеңімпаздары, дәстүр бойынша, дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Үздік шығармалар «Discover Kazakhstan» жинағына енеді.  

Алғашқы «Discover Kazakhstan» конкурсы 2011 жылы өткізіліп, Қазақстан Республикасының 20 жылдығына арналған. 2012 жылы өз эсселерін оқушылар «Ел намысы – менің намысым» тақырыбына жазған.  

Конкурсты өткізу ережелерімен мына жерден танысуға болады.



Қаралым: 4429
Жарияланған: 06 Қараша