Жаңалықтар

«Қазақстан Республикасындағы 35 базалық мектебінің басшы қызметкерлерінің тәлімгерлігі» жобасы аяқталды.


Астанада Назарбаев Университетінің базасында Зияткерлік мектептердің тәжірибесі енгізілген 35 базалық мектептің басшы қызметкерлері тәлімгерліктен өткен қорытынды 5 кезеңі өз жұмысын аяқтады.

Мәрелік кезеңге Астана, Алматы қалалары мен Ақмола, Алматы, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан және басқа облыстардың жалпы білім беретін мектептерінің басқарушы құрамынан ұсынылған 70-тен артық адам қатысты. Орта мектептегі менеджмент жүйесінің жаңаша қалыптасуына түрлі бағыттар бойынша өз үлестерін қосатын мектеп директорлары мен олардың орынбасарлары оқып шықты. Олардың қатарында қазақ-түрік лицейлері, «Дарын» мектеп-интернаттарының, дарынды балаларға арналған мектептер мен басқа да жетекші өңірлік мектептер желісінің өкілдері болды.

Тәлімгерліктің мәрелік кезеңіне қатысушылар «Мен қалай едім – Енді қалай болдым» тақырыбындағы көрмеге материалдар дайындады. Білім беру көрмесінде тәлімгерлікке қатысушылардың жинақтаған қорытындысы ретінде түрлі баннерлер, портфолио, жеке постерлері мен тәжірибелерін толық көрсететін басқа да үлгілері көрсетілді.

Тәлімгерлікке қатысушылар алдында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Орта және мектепке дейінгі білім беру департаментінің директоры Жаңыл Жонтаева құттықтау сөз сөйледі.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқармасы Төрайымы Күләш Шәмшидинова тәлімгерлерді оқуларының аяқталуымен құттықтап, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Жұмыс қорытындысы ретінде тәлімгерлікке қатысушыларға өз мектептерін дамытудағы стратегиялық жоспарларын әзірлеу туралы ұсыныстар берілді. Мектеп басшылары білім берудегі стратегиялық менеджменттің мақсаттары мен міндеттерін, мектеп ресурстарын жоспарлау мен бөлу дағдыларын, сондай-ақ орта білім беру саласында халықаралық және қазақстандық дәстүрлі басқаруды терең меңгеруді жоғары деңгейде түсінгендігін көрсете білді. Министрлік өкілдері мен «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ қызметкерлері енген комиссия мүшелері тәлімгерлікке қатысушылардың жобалары практикалық-бағыттау сипаты көлемінде және үздік әлемдік әрі отандық педагогикалық практиктердің синтезімен байланыста орын алғанын атап өтті.

Бұл арада аталған тәлімгерліктен өту шілде айында басталып, 2013 жылғы қазанда аяқталғанын атап өткен жөн. Бағдарлама 5 кезеңді құрады: нұсқаулы, оқыту (шетелдерде біліктілікті арттыру курстары), қашықтықтағы, практикалық (Зияткерлік мектептердегі әріптестердің жұмыстарын қадағалау) және қорытындылау (жобаларды қорғау – мектепті дамыту жоспары). Қатысушылар өз әріптестерінің назарына қорытынды таныстырылымды ұсына отырып, тәлімгерліктен өту кезінде алған жеке тәжірибелері туралы айтып, өздерінің мектептегі практикада алған білімдері мен дағдыларын енгізудегі тәжірибелерін бөлісті, кездескен қиыншылықтар мен оларды шешудегі мәселелерді талқылады.

Қатысушылар кездесу барсыныда Сэр Кен Робинсонның (Sir Ken Robinson) «Білім беру жүйесіне жаңаша көзқарас» және «Білім берудегі революция» атты бейнефильмді тамашалады. Осы ретте Кен Робинсон мемлекеттік және қоғамдық білім беру ұйымдарының білім беру мен инновация жүйесіндегі шығармашылық ойлауды дамыту мәселелері жөніндегі кітаптардың авторы, спикері әрі халықаралық кеңесшісі екенін айта кету керек. Сэр Робинсон адамдардың шығармашылық қабілетін дамытуға бағытталған білім беру жүйесін құрудағы белгілі тұлға саналады.

Сонымен қатар әріптестері алдында Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ағылшын тілі кафедрасының меңгерушісі Дэвид Мак Хатчен (David McHutchon) өзінің орта білім беру менеджментіндегі бай тәжірибесімен бөлісті.

Қатысушылармен кездесудің қорытындысында 35 базалық мектептің басшы қызметкерлеріне тәлімгерліктен өткені туралы сертификаттар табыс етілді.

 Анықтама үшін:

Білім берудің заманауи талаптары, оқу үдерісіндегі тәсілдердің өзгерісі мен тәрбиесі Мектеп директорын басқарушы ретінде көзқарасын өзгертуге бағыттайды. Мектептегі инновациялық қызметті дамыту үшін көшбасшылық сапасын меңгерген, стратегиялық жоспарлауды, педагогикалық қоғамдастықты басқарудың технологиялары мен тиімді коммуникациялық дағдыларды игерген басшының жаңа түрі қажет. Осы мақсатта Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесін тарату аясында еліміздің орта білім беретін 35 базалық ұйымдарының басшылық құрамын тәлімгерліктен өткізу қарастырылған.

Сондықтан да тәлімгерліктен өтудің маңызды бір міндеті Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тиімді тәжірибесін таратуды қамтамасыз ету болып табылады.



Қаралым: 5072
Жарияланған: 31 Қазан