Жаңалықтар

Республикалық Назарбаев Зияткерлік мектептерінінң арасындағы спартакиадасы


2013 жылдың 23-25 қазан аралығында Ақтөбе қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Назарбаев Зияткерлік мектептері командалары арасында воллейболдан бірінші Батыс аймақтық спартакиадасы өтті. Батыс өңірлерден Ақтөбе, Атырау және Орал қалаларының воллейбол командалары спорттық шеберлігін сынасты. 

Атырау мен Орал қалаларынан 120 оқушы келді. Спартакиадаға жалпы саны 180 воллейболшы қатысты.   

Ақтөбе қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары қонақтарды жылы шыраймен қарсы алды. Қонақтарымызды қаланың мәдени демалыс орындарымен таныстыру барысында Бірінші Президент саябағына, Әлия Молдағұлова мұражайына және тарихи-өлкетану мұражайына экскурсиялар ұйымдастырылды.    

Ақтөбе қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің «Лидерлер кеңесінің» ұйымдастыруымен «BLACK and WHITE» атты би кеші ұйымдастырылды.

Бірінші Батыс аймақтық спартакиадасы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушыларының арасындағы достық қарым-қатынасты қалыптастырды және  барлық оқушыларды салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен шұғылдануға ынталандырғанын айтуға болады.

Воллейбол бойынша бірінші орын және медалдар алған командалардың ішінде 7 сынып, қыз балалар (Ақтөбе қаласы), 7 сынып, ер балалар (Атырау қаласы), 8-9 сыныптар, қыз балалар (Атырау қаласы), 8-9 сыныптар, жасөспірімдер (Орал қаласы), 11-12 сыныптар, қыз балалар (Ақтөбе қаласы), 11-12 сыныптар, жасөспірімдер (Орал қаласы).

Аймақтық кубокты Орал қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің жасөспірімдері және Ақтөбе қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің қыз балалары иеленді.

Толығырақ www.akb.nis.edu.kz сайтында.



Қаралым: 5560
Жарияланған: 04 Қараша