Жаңалықтар

Назарбаев Зияткерлік мектептері арасындағы Бірінші Аймақтық Спартакиада


2013 жылдың 22-24 қазан аралығында Шымкент қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Назарбаев Зияткерлік мектептері арасындағы, атап айтқанда, Тараз, Қызылорда, Талдықорған, Шымкент қалалары аясында волейболдан ұлдар арасында Бірінші Аймақтық Спартакиада өткізілді.

Республикалық Спартакиаданың ашылу салтанатына Қазақстанның атақты спортшылары Әлия Юсупова, Мұқтархан Ділдәбеков, Бисолт Дециев, Медет Нұралыұлы, Нұржан Сманов, Жақып Биданов және Боран Тулеев шақырылды. Спорттық жарыстардың мақсаты - салауатты өмір салтын ұстану, жастар арасындағы ұлттық рух пен патриотизмді дамыту, жеке тұлғаның дамуы мүмкіндігін арттыру, ақыл ойы мен санасын дамыту болып табылады. 

Барлық қатысушылар жарысқа деген үлкен талпыныспен, тыңғылықты дайындықпен келген. Жарысқа қатысушылар жас ерекшеліктеріне қарай 3 топқа бөлінді 7-сынып оқушылары, 8-9-сынып оқушыларының құрамасы, 11-12-сынып оқушыларының құрамасы.

Республикалық Спартакиада достықсүйер, бір-біріне үлкен сенім артар жастардың керемет те тамаша алаңы болып табылады. Спартакиада аясында қонақтарымызды мектептің еркін-адамдары қарсы алды. Алдын ала дайындалған бағдарлама бойынша Спартакиадаға қатысушылар Шымкент қаласының назар аударалық жерлеріне саяхатқа шығып, интеллектуалды марафондар мен флеш-моб би жарысына қатысты.

24 қазан күні Спартакиаданың жабылу салтанаты өтті. Жалпы ұпайлар бойынша Оңтүстік аймағының волейболдан ұлдар арасындағы сайыста Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі жеңімпаз болып атанды. Екінші орын жеңімпаздары болып Тараз қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі атанды. Шымкент қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі үшінші орынға ие болды, ал төртінші және бесінші орында Талдықорған қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі және Қызылорда қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектептері орналасты.

Әрбір команда жеңімпаздары арнайы жүлделер және сертификаттармен марапатталды. Ал жаттықтырушыларға атақты спортшылар өздерінің қолтаңбалары қойылған доптарын сыйлады. Спартакиада аясында барлық өңірлерде жыл бойы ДББҰ «Назарбаев Зияткерлік мектептері» филиалдары арасында жастарды спортқа тарту мақсатымен шағын-футбол, волейбол, шахмат, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, баскетбол, топтық эстафета, көп сайыс, қол добы түрлерінен жарыстар өткізіледі. 

Шымкент қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз-қызметі, толығырақ www.hbsh.nis.edu.kz сайтында.

Мектептің Фэйсбуктағы ресми парақшасы https://www.facebook.com/nis.hbn.shymkent



Қаралым: 6117
Жарияланған: 04 Қараша