Жаңалықтар

Көкшетау қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде «Мұғалімдер күні»


 

                                                                                                                                XXI ғасырға лайықты ұрпақ тәрбилеу                                                                                                                                      үлкен құрметке ие боларлық                                                                                                                                                         ауыр салмақты және  үлкен                                                                                                                             жауапкершілікті талап ететін еңбек.

                                                                                                                                          Н.Ә. Назарбаев                                                                                                                                           


         2012 жылдың 5 қазаңында Көкшетау қаласындағы  Назарбаев Зияткерлік мектебінде  ұстаздар күніне арналған ретро стильде мерекелік концерт өтті. Таң сәріден өзін-өзі басқару мектебінің оқушылары үлкен жігерлікпен, қол соғумен ұстаздар қауымын қарсы алды. Үш тілде «Құттықтаймын»,  «ретро салтанатты жиынының себепкерлеріне» денсаулық пен бақыт тілей отыра, бойларына жақсы әсер сыйлады. Оқушылар үлкен ұстаздарына галстук байлап, пионер – мамандардың кеуделеріне жұлдызша төсбелгілерін қадады. Сонымен қатар, әрбір мұғалімге жеке-жеке өзінің суреті бар құттықтау хаттарын табыс етті. Бұл өз кезегінде ұстаздар қауымында оң серпін қалдырды. Осылайша, біздің ұстаздар  жастық шақтарын еске түсіріп, еңбек күні басталып кетті.  
          Бұдан соң мұғалімдер күрделі және жай сұрақтарға жауап - сұхбат берді. Мерекелік концертте ұстаздар әріптестерінің мектеп өмірінде орын алатын қызықты жайттарын тамашалады. Оның ішінде өздерінің алғашқы сабақ берген кездері, қандай пәнді жақсы көріп, қайсысын ұнатпағандығын еске түсіріп, педагогикалық қызметте қанша жақсы, қанша жаман баға қойғандарын және де бұл мамандықты таңдағандарын еске алып, бір марқайып қалды. Ұстаз - ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жаксы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі өте зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Олай болса, мұғалім бақыты - шәкірт құрметі.
Ал, біздің өсіп келе жатқан ұрпақ өкілдері, өздерінің тәлімгер – педагогтарына қызықты мерекелік концерт ұйымдастырды. Мұғалімдер 80 – 90 жылдардың әуендеріне саяхат жасап, шәкірттерімен бірге рок – н – ролл-дың орындауындағы билерге ілесе биледі.

 

        

           Оқушылар қойған мерекелік концерт  бір ырғақта өтті. Егер әр адамның жүрегінде ізгілік сәулесі болса, ол - мұғалімнің еңбегі. Сол нұрды жеткіншектің жүрегіне сіңіру үшін қаншама тер төкті! Дүниеде адамды тәрбиелеп, азамат атандырғаннан артық абырой мен құрмет жоқ шығар, сірә?! Ұлағатты ұстаздар  жоғары мәртебеге ие екендіктерін шәкірттері жақсы түсінеді. Заман ағыма қарай ұстаз өзін – өзі жетілдіріп, білімін, кәсіби шеберлігін жоғарылатып, жан тәнімен өз жұмысына берілген жандар.  Барлық ғасырда сияқты, бүгінгі таңда да ұстаз -  Жер бетіне білім нәрін сепкен, кеуделерінде сан түрлі арман ұялаған бүлдіршіндерді өмір жолына жетелеген құдіретті куат иелері. Өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаздардың жөні де, жолы да бөлек. Елбасы айтқандай: «Барлық уақытта мұғалім -  адамгершілік пен мәдениетті иеленуші, өз ісіне берілген ардақты тұлға болды». Біздің ұстаздар осыған лайық. Ұстаз еңбегінің қыр-сыры мол, қиын да жауапты, шығармашылық еңбек екендігін баршамыз мойындаймыз. Ұстаздар қауымына мың алғыс!
 



Қаралым: 5960
Жарияланған: 17 Қазан