Жаңалықтар

Талдықорған қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде «Мұғалімдер күні»


 

           Ұстаз ... Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегіндегі қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, оның бірі – Ұстаз.  «Ұстаз» деген сөз қазақ баласы үшін қашан да қасиетті, қадірлі болған. «Ұстаздан тәрбие алған» немесе «Ұстаз алдын көрген» деген сөздер «ана тәрбиесін алған» деген сөздермен ұштасып жатады.
      Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің  директоры Гүлайым Байжикенова ұстаздарды Мұғалімдер күні кәсіптік мерекелерімен үш тілде құттықтап марапаттау рәсімін өткізді. Ұстаздарды төл мерекесімен Педагогикалық шеберлік орталығының директоры Б.Оспанов құттықтады. Аяулы ұстаздарына арналған концерттік бағдарлама өтті. Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұстаздар ұжымы қатарына енген жаңа шетелдік әріптестер де өнерлерін көрсетті.
   

                


          Сахна төрінде шетелдік-әріптес ұстаздар «Қазақстаннан алған әсер» презентациясын дайындады. Би «Евро Микс», ән «Мы за мир» (Miss Anny және 7 сынып оқушылары) және ән «We are the world» ұжымға жаңадан келген ұстаздар орындады. Осымен Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары дайындаған құттықтау концерті өз мәресіне жетті.
          Бүгінгі күн құшақтары гүлге толсын,
          Дендеріңнің саулығы мықты болсын.
          Білімімен суарған шәкірттерін,
          Төл мерекең ұстаздар құтты болсын!

 



Қаралым: 5537
Жарияланған: 17 Қазан