Жаңалықтар

Зияткерлік мектептер кітапханашыларының жаңашылдыққа ұмтылысы


 

2012 жылдың 25-29 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасы базасында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының мектеп кітапханашылары семинар-тренингке қатысты.

 

Семинарды Мәскеу мәдениет және өнер мемлекеттік университетінің профессоры Вадим Степанов өткізді. Семинар тренинг «Қазіргі кітапханашылардың кәсіби қызметіндегі интернет технология» тақырыбында болды. 

 

Семинар барысында ақпараттық коммуникация, ақпараттық сауаттылықты жетілдіру, Web 2.0, Интернет желіде ақпаратты сауатты іздеу, сандық қатынас дәуіріндегі мектеп кітапханасы және т.б. тақырыптар қамтылды. Сонымен бірге кітапханашылар теориялық біліммен қатар практикалық дағдыларын жетілдірді.           

 

Курсқа қатысушылар 26-27 қыркүйекте ТМД кітапханашыларының форумына қатысты. Форум аясында Ресей, Өзбекстан, Украина, Беларусь, Молдова, Тәжікстан секілді елдердің және АҚШ кәсіби білікті кітапхана мамандарымен кездесіп, өзара ой бөлісті.

 

 

Зияткерлік мектеп кітапханашылары кәсіби біліктіліктерін жетілдіріп, семинарда алған тәжірибелері мен білімдерін жұмыс барысында қолданары сөзсіз. Семинар соңында профессор Степанов мектеп кітапханасы қызметкерлерін сынақтан өткізіп, сертификатты табыстады.  

 

 


 



Қаралым: 5278
Жарияланған: 03 Қазан