Жаңалықтар

Оралда Назарбаев Зияткерлік мектебі ашылды!


 

Бүгін, 2012 жылдың 29 қыркүйегінде Орал қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі өз есігін айқара ашты. Тамаша білім ордасының ашылуы қала үшін айырықша оқиға болды және қала күніне арналған керемет тарту еді. Өз мектептерінде өткен салтанатты сап түзеуге балалар – 7,8,9 және 11 сынып оқушылары келді. Оқушылардың көңілдерін тебреніс биле, бәрі де жаңа мектептегі сабақтарға дайын еді.

Оқушыларға, олардың ата-аналарына және мұғалімдерге Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Ноғаев пен «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Басқарма Төрайымы Күләш Шәмшидинова құттықау сөздерін арнады. Олар балаларға оқуда табыс, алға қойған мақсаттарға қол жеткізуін және оқу жылын сәтті аяқтауды тіледі.


«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Басқарма Төрайымы Күләш Шәмшидинова соңғы сынып оқушысы Әмір Әділбековке мектеп кілтін өз қолымен табыс етіп, балалардың  өз мектептерін суюін және көздің қарашығындай қорғауын тапсырды.

Салтанатты сап түзеуден кейін оқушылар мектептің жайлы кабинеттерін, кең кітапханасын, спорт залы мен интернатты аралап көрді. Балаларды физика,  химия,  биология сыныптарындағы алдағы уақытта  өздері  жұмыс жасайтын  құрал-жабдықтар таң-тамаша етті.


Осы тұста Орал қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде оқу үшін жаратылыстану-математика бағдарламасы бойынша оқуға қабілетті балаларды іріктеу сабақтар қазақ, орыс және ағылшын тілінде өтетін 7, 8, 9, 11 сыныптарда жүзеге асырылды. Биылғы  оқу жылында мектепте 487 оқушы білім ала бастайды. Зияткерлік мектепте жұмыс істеуге іріктеуден 56 мұғалім өтті, сонымен бірге мұнда шетелдік педагогтар да тартылды.

 Өз типі бойынша мектеп толық күн мектебі болады. Білім беру  мекемесі  600 контингентке арналған 54 сыныпқа есептелген. Мектеп қазіргі заманғы құрал-жабдықтармен, смарт-сыныптармен, интерактивті тақталармен, физика, химия, биология, нано және биотехнология бойынша кеңейтілген лабораториялармен, сонымен бірге робот техникасы, техникалық моделдеу, технология және  өнер, мемлекет және құқық негіздері кабинеттерімен және  басқалармен жабдықталған. Орал қаласындағы Зияткерлік мектептің басты ерекшелігі – оның қасында 120 орындық интернат жұмыс істейді. Алыс ауылдардан келген оқушылар кең және жанға жайлы интернатта тұруға мүмкіндік алады.
 

  

Жаңа мектепте жаттығу залдары бар спорт-сауықтыру блогы, киномұрағаты бар, 15 мың кітапқа арналған кітапхана, асхана, медициналық пункт, акт залы және басқалары.
 
Қазіргі таңда еліміздің 5 аймағында Астана (2 мектеп), Талдықорған, Көкшетау, Семей және Өскеменде 6 Назарбаев Зияткерлік мектептері жұмыс істейді. Оралдағы мектеп Елбасының тапсырмасы бойынша  тұрғызылған  жетінші  Зияткерлік мектеп. Бүгінде 15 мектептің жобалау және құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жақын келешекте Назарбаев Зияткерлік мектептері Қазақстанның барлық аймақтарын қамтитын болады.  

 

 



Қаралым: 5076
Жарияланған: 03 Қазан