Жаңалықтар

Үйірме


 

Талантыңды таны да, талапты бол!

       8-9 қыркүйек күндері физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің акт залында жаңа оқу жылында жүргізілетін үйірмелер мен клубтар презентациясы өтті. Биылғы оқу жылында  5-11-сынып оқушыларының бос уақытын тиімді ұйымдастыру, шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында әр түрлі үйірмелер мен клубтар, спорт секциялары жоспарлы түрде жұмыс жүргізетін болады.

     5-7- сынып оқушыларының қызығушылықтары мен сұраныстарына қарай  «Патриот», «Жас суретші», «Көркем сөз», «Электротехника» т.б. үйірмелер мен клубтар жүргізілсе, ал 8-11-сынып оқушыларына «Экоклуб», «Дебат», «Астрофизика», «Шахмат», «Эстрада-вокальдық  студия», «Көшбасшы мектебі», «Зияткер ханшайымдар клубы», «Халық аспаптар ансамблі», «Үйлесім», «WEB технология»  атты түрлі үйірмелер ұсынылып отыр. Үйірмелер мен клубтар жұмысы жас зияткерлерге өз талантын тануға, шығармашылығын шыңдап, қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді.

Барлық жас зияткерлерді өз талантын танып дамытуға, талапты болуға шақырамыз!

 
 
 


Қаралым: 8439
Жарияланған: 19 Қырқүйек