Жаңалықтар

Жас Зияткерлер Республикасы өз Президентін сайлайды


 

 

Оқушылардың өзін -өзі басқаруында көшбасшыларды сайлау -маңызды кезең. Бұл күндері мектебімізде Жас зияткерлер Республикасының Президентін сайлау науқаны қызу жүріп жатыр. Мектеп көшбасшылар эстафетасын жалғастыратын, жаңа ойлардың ұйытқысы, игі істердің бастаушысы болатын жоғары сынып оқушысын таңдамақ. Ол Назарбаев Зияткерлік мектебінің тарихында үшінші Президенті болмақшы.  

Қыркүйектің 12 –і күні мектеп директоры Президенттікке  үміткер ретінде тіркелген белсенділерді таныстырып өтті. Олар:
Тастайбеков Темірлан, 11 «А» сынып
Аубакирова Малика, 11 «С» сынып
Серік Еламан, 10 «А» сынып
Тлеубалды Аяулым, 10 «В» сынып
Махамбетова Адия, 10 «С» сынып
Ақылов Бекзат, 9 «Д» сынып
Қазалиев Мирас, 9 «В» сынып.

Осылайша басталған кең ауқымды іс-шара мемлекеттік деңгейдегі саяси науқандағыдай өткізіледі. Үміткер сайлаушылармен кездесіп, өз тұжырымдамасымен таныстырады, өзара пікірталастарға түседі.  Мұндай іскерлік- рольдік ойын жас зияткерлерді болашақ ересек өмірге дайындап, оқушыларды ортақ істерге жұмылдырады.

Сайлау науқаны өз мәресіне  20 қыркүйек күні жетеді. Барлығы да мектептің акт залында өтетін жаңа сайланған президенттің салтанатты "инаугурациясын" асыға күтуде.

 


Қаралым: 4361
Жарияланған: 19 Қырқүйек