Жаңалықтар

Do you speak English?


 


 

DSC00216Қазіргі қоғамдағы адам ақпарат бағытындағы жылдам үдерістің нәтижесінде өседі. Бұл мәселе бойынша мектептің алға қойған міндеттері – өмір сүру жолында туындайтын сұрақтарға оқушылардың өздерінің жауап таба білуі; өз істерінің салдарын бағалай алу және жауапкершілікті өз мойнына ала білуге, өмір бойғы білімін толықтыру жолында өзіндік білім алу және өзіндік даму үрдістерін қалыптастыруға, сол білімдерін шығармашылық ізденістерінде орынды қолдана білуге қалыптастыру.

Мектеп бұл жағдайда өз оқушыларын түрлі қоғамдық  өзгерістерге, әсіресе, тұтастыққа, өсіңкілік (динамизм), сындарлылық, өзіндік білімін үнемі толықтырып отыру сияқты қасиеттерін дамытуы қажет. 2009-2010   оқу жылында ашылған «Назарбаев Зияткерлік мектептері» АҚ «Семей қаласындағы физика-математика   бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі» физика-математика   бағыты мен көптілділік, білімді қазақ, орыс, ағылшын тілдерін  тең деңгейде алуға және де Көшбасшыны қалыптастыруға бағытталған мұғалімнің тұтас жүйесін құрайтын білім беру мен тәрбиелеу процестерін біріктіретін мектеп болып табылады.

DSC00214Халықаралық білім беру  жүйесі  стандартына жақындау мақсатында Семей қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне биылғы оқу жылында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» АҚ Кембридж университетімен бірлесе өткізген конкурстық іріктеуден өткен АҚШ, Ұлыбритания, Канада елдерінен 6 шетелдік маман келді.

 «Халықаралық мұғалім» дәрежесі оларға кез-келген елде білім беруге мүмкіндік береді. Олар: Пәкістан,БАӘ, Ұлыбритания сияқты елдерде еңбек еткен, жұмыс тәжірибесі мол, топ жетекшісі және IELTS курсының мұғалімі Шахзад Ахмед Хан; Үндістан, Мали, Камерун, Египет,БАӘ, Канада, Тринидад және Тобаго, Пуерто Рико, Нигерия, Қазақстан  және Оман елдерінде қызмет еткен, биология пәні бойынша үлкен тәжірибесі бар АҚШ, Нью – Йорктің тумасы Лонис Уезби Нинго; 1998 жылдан 2010 жылға дейін Лондонда қызмет еткен ақпараттық технологиялар   маманы Камс Камуабо; 2 жыл Конгода,21 жыл Лондонда қызмет еткен математика ғылымының маманы Майкл Малутши; өз Отаны Америкамен қатар Корей, БАӘ елдерінде қызмет еткен ағылшын тілі маманы Кодел Скотт; өз Отаны Канадамен қатар БАӘ елдерінде қызмет еткен ағылшын тілі маманы Пол Суинни.

DSC00240        Бұл мамандар, ең алдымен, оқушылардың тілді терең меңгеруі үшін, тілдік   ортаны қалыптастыруы үшін шақыртылды. Мамандар ағылшын тілінен, биология, математика, ақпараттық технологиялар  пәндерінен сабақ жүргізеді, сондай-ақ емтиханға оқушыларды дайындайды. Шетелдік мамандар әрбір үзіліс сайын төменгі және жоғары сынып оқушыларың ортасында. Олар ашық, жылы жүзімен бірінші күннен бастап-ақ тек оқушылардың ғана емес, сондай-ақ әріптестерінің де жүректерін жаулап алды.

        Шетелдік мұғалімдердің жоспарында мектептегі оқу жүйесімен қатар, оқудан тыс қоғамдық және спорт іс-шараларына қатысу, ағылшын тілін үйренушілерге арналған үйірмелер ұйымдастыру  жұмыстары алға қойылған.

 
 
КРОТОВА АНАСТАСИЯ
АХУДЖАНОВА АЛЬФИРА
 
Қазақ тіліне аударған: Жайсаңбаева   Ақбота Нұрғалиқызы
 
 
 


Қаралым: 4344
Жарияланған: 16 Қырқүйек