Жаңалықтар

Назарбаев Зияткерлік мектебіндегі білім күні


 


 

DSC00177Әрбір жанның өмірінде алғаш рет қоңырау сыңғырының болғаны анық.  Бұл күн біздің көз алдымызға мектепке асыққан бірінші сынып оқушылары, осы оқушыларға қызықтай қараған жоғары сынып оқушылары, білімнің жарқын жолына алғаш өздері қадам басқандай алаңдаған ата-аналар арқылы елестейді. Кешегі үлкен аппақ бантик таққан кішкене қыз бүгінде алтын   ұясынан ұшқалы тұрған түлек. Бала қолындағы алтын қоңыраудың сыңғыры жаңа оқу жылының басталғандығын хабарлайды.

Назарбаев Зияткерлік мектебінің кіре берісі бұл күні қуаныш сезімі мен сәби күлкісіне, жақсы көңіл-күй мен  құшақ-құшақ гүлдерге толадыDSC00197.
Әдеттегідей мектеп есігі мұғалімдер мен оқушыларға, өз балалары мен немерелерінің қызығын бөлісуге келген ата-аналар мен ата-әжелерге айқара ашылды.

Мереке алдағы оқу   жылына сәттілік тілегімен   Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры Назаралиева Зина Сүлейменқызының алғысөзімен ашылып, «Қара жорға» ұлттық биі мен өткен оқу жылын сәтті аяқтаған оқушыларды марапаттау сәтімен өз жалғасын тапты.

Ал өткен оқу жылы бойынша айтарлықтай жетістіктеріміз өте көп!
Жыл сайын ҚР БҒМ анықтайтын «ҚР 100 үздік мектептері» тізімінде Семей қаласындағы ФМБ   НЗМ 28-ші орында.

DSC00212Бұл күні барлығы қызықты болды: шетелдік мамандардың келуі, мектепке келген жаңа мұғалімдердің өзіндік танысу презентациялары, мұғалімдер мен оқушылардың өзара   «Достық» биі.

Оқушылардың мектепті сағынғандары жайлы сөздер анда да, мында да естіліп жатты. Екі жылдың ішінде бұл мектеп шығармашыл, ойлы оқушыларға қуана құшағын   жаятын қасиетті орынға айналды.
DSC00232Салтанатты   лездемеден кейін ата-аналар жайылған ақ дастарханға   шақырылып, соңғы инновациялық өзгерістер туралы мұғалімдермен таныса, сөйлесе отырып, мәліметтер алды. Жалпы бұл үрдіс мектеп директоры Назаралиева Зина Сүлейменқызының америкалық мектептерде біліктілігін артыру курсынан өткен соң қолға алынған болатын.

Алғашқы қоңырау соғылды... Біреулер үшін бұл алғашқы болмаса да, мектепке барған барлық оқушыларға терең   білім мен жақсы баға, үнемі көтеріңкі көңіл-күй мен жаңа шығармашылық жетістіктер тілегіміз келеді!                                                                                      

 
КРОТОВА АНАСТАСИЯ
АХУДЖАНОВА АЛЬФИРА
 
Қазақ тіліне аударған: Жайсаңбаева   Ақбота Нұрғалиқызы
 
 
 
 
 


Қаралым: 4900
Жарияланған: 16 Қырқүйек