Жаңалықтар

НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕРІНДЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫ


2011-2012 оқу жылында  Астана, Көкшетау, Семей,Талдықорған және Өскемен қалаларында алты Назарбаев Зияткерлік мектептері жұмыс жасайды. 2011 жылдың аяғына қарай Орал қаласындағы Зияткерлік мектептің құрылысы аяқталады деп күтілуде.

Зияткерлік мектептерге оқушылар конкурстық іріктеу қорытындылары негізінде қабылданады. Назарбаев Зияткерлік мектептері құрылғалы бері жалпы 13 000 бала тестіленді.

Зияткерлік мектептер халықаралық сарапшылармен бірге эксперименталды, ықпалдасқан, кейіннен оқу процессіне енгізілетін   оқу бағдарламаларын дайындап, апробациялауға қатысады.

Зияткерлік мектепте білім берудің екі моделі жүзеге асырылады.

Бірінші модель - Жаратылыстану-математикалық бағыттағы Эксперименталды Ықпалдасқан білім бағдарламасын жүзеге асырады. Бұл бағдарлама бойынша оқушылар физика, математика, химия және биология пәндерін тереңдетіп, үштілді ортада оқиды.

Аталған Білім бағдарламасының тиімді нәтижелер беріп,  қазірдің өзінде оның табысты жүзеге асып жатқаны туралы айтуға болады.

Мектеп түлектері Ұлттық бірыңғай тестін табысты тапсырып, өз аймақтарында жақсы қорытынды көрсетті.  Зияткерлік мектептер оқушыларының биылғы жылы орташа баллы - 112,3, салыстырмалы: жалпы елде орташа балл - 86,7 құрады. Астана қаласы Зияктерлік мектебі оқушыларының ағылшын тіліндегі математика, физика, химия, биологиядан халықаралық SAT1 емтиханнан қорытынды баллы 1586 құрады, әлемде орташа балл - 1200 (ең көбі -1980 ), ал SAT2 орташа балл - 1720, әлемдегі орташа балл - 1250 (ең көбі - 2200). Ағылшын тілінен IELTS емтиханынан орташа балл - 6,2 (5,7 - өткен жылы). Тек бір оқу жылының ішінде халықаралық, республикалық, облыстық және қалалық олимпиадаларда жеңістер екі есе көбейді.

Екінші модель - Негізгі және жоғары мектепте балаларды Халықаралық бакалавриат бағдарламасы бойынша оқыту. Бұл  35 жылдан астам тарихы бар, жоғары сапалы білім беретін бағдарлама ретінде әлемге танылған. Халықаралық бакалавриаттың дипломын 102 елдің 1300 астам университеттері мақұлдайды. Олардың ішінде Оксфорд, Гарвард, Кембридж, Иель, Сорбонна, Лондонның экономика мектебі сияқты аттары әлемге әйгілі жоғары оқу орындар  бар.

Білім мазмұнының маңызды бөлігі – оқушылардың жетістіктерін бағалалудың тиімді де объективті жүйенің болуы.

Жаңа оқу жылында Зияткерлік мектептердің 7-8 сыныптарында барлық пәндер бойынша критериалды бағалау жүйесін енгізу жобасы іске асырылуда. Бұл оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізінделіп, нақты белгіленген, ұжымдық жасалған, процесстің барлық қатысушыларына алдын ала белгілі, білім мазмұны мен мақсатына сәйкес критерийлері бар бағалау процессі. Себебі, бағалаудың объективті жүйесі оқушыны білімі бар болғаны үшін мақтап, білімі жоқ болғанда жазалауға емес, баланың табысты, жақсы оқуға ынталандыруын қалыптастыруға, оның өсуін айқын көрсетіп, біліміндегі олқылықтарын табуға бағытталған болуы қажет.

Оқыту процессін сапалы ұйымдастыру мақсатында Зияткерлік мектептерге педагогтар конкурстық іріктеу қорытындылары бойынша қабылданады.

Педагогтарды конкурстық іріктеу үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезең, өз пәні бойынша білімін, оқыту әдістемесін, ақпараттық коммуникациялық технологияларды игеру деңгейін анықтайтын компьютерлік тестілеу. Екінші кезең - үміткер өзінің творчестволық жұмысын ұсынатын ( «Мектеп пәлсапасы» эссесі, шығарма, мақала ) творчестволық конкурс. Үшінші кезең өзінің педагогикалық жетістіктер портфолиосын ұсыну және конкурстық комиссия мүшелерімен сұхбаттасудан тұрады.

Конкурстық іріктеу қорытындылары пән бойынша жоғары білім көрсеткіштері бар, бірінші, тіпті жоғары санаттағы мұғалімдердің тілдік   құзыреттілігі және ақпараттық коммуникациялық технологияларды игеру деңгейі өте төмен екендігін көрсетті. Сондықтан, мұғалімдердің біліктілігін жоғарлату процессі мектептегі оқу процессімен қатар жүргізіледі.

Зияткерлік мектептерінің педагогтарына арналған біліктілігін жоғарлату жүйесі дайындалған.

Мұғалімнің кәсіби өсу жеке маршруты дайындалған.

2009 жылдан осы уақытқа дейін біліктілікті жоғарлату курсында:

·                        Мектеп ішінде оқытудың міндетті модульдері бойынша (қазақ, ағылшын тілдері) – 1302 мұғалім

·                        Ел ішінде, республикалық және халықаралық сарапшылардың қатысуымен - 2225 мұғалім

·                        Шет елде – 168 мұғалім өтті.

Сонымен қатар, осы жылы Зияткерлік мектептерде АҚШ, Канада, Жаңа Зеландия, Ирландия, Қытайдан қырық шетелдік оқытушылар жұмысқа кіріседі.

Осы жылы, жаңадан ашылатын Назарбаев Зияткерлік мектептеріне мұғалімдерді дайындау мақсатында Назарбаев Университетінде жүз мұғалім дайындалатын болады.

Зияткерлік мектептердің тәжірибесін кеңінен тарату мақсатында  Зияткерлік мектебі негізінде Педагогикалық шеберлік орталығы (бұдан әрі ПШО) және аумақтардағы жалпы білім беру мектеп мұғалімдері үшін Кембридж Университетінің Халықаралық Сынақ Кеңесімен бірлескен кіші орталықтар құру жобалары Үкімет тарапынан мақұлданды. Курсты ұйымдастыру келесі жылдан бастау жоспарланып отыр.

ПШО негізінде арнайы бағдарлама бойынша күндізгі дайындықты және онлайн режимінде оқытудан тұратын үш айлық біліктілік көтеру курсы ұйымдастырылады. 

Бүкіл елдегі мұғалімдердің біліктілігін көтеру бірыңғай саясатын іске асыру мақсатында жеті модульден тұратын деңгейлі білім бағдарламалары дайындала басталды:

- білімдегі жаңа педагогикалық технологиялар;

- сын тұрғысынан (критикалық) ойлау;

- оқушылардың білім жетістіктерін критериалды (критериальное) бағалау;

- орта білімде менеджмент және он екі жылдық білім алуға көшу жағдайында құзыреттілік негізінде оқыту;

- оқытудағы АКТ қолдану;

- дарынды балалармен заманауи технологиялар бойынша жұмыс істеу;

- оқушылардың нақты жас ерекшелігіне қарай бөлінетін топтарда оқытудың психологиялық педагогикалық ерекшеліктері.

Курсты аяқтағаннан кейін мұғалімдер біліктілікті анықтау емтиханын таспырып,жалақысын көбейтуге құқық беретін 1,2,3 деңгейдегі сертификатты алады.

Зияткерлік мектептердің тәжірибесін кеңінен тарату үшін келесі жобалар ұйымдастырылады:

·                        Жаратаылыстану математикалық бағыттағы пәндерден оқушыларға онлайн сабақтар;

·                        Жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдеріне онлайн семинарлар.

Анықтама ақпараты:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31желтоқсанындағы №1510 қаулысымен 2010-2020 жылдарға арналған Назарбаев Зияткерлік мекетептерінің даму стратегиясы бекітілді.

Миссия – ұлттың зияткерлік әлеуетін дамытуға ықпал ету, өзін-өзі дамытуға және шығармашылыққа ұмтылатын білімді, жоғары өнегелі, қырағы ойлайтын, тұлғалы және рухани дамыған азаматтың қалыптасуына ықпал ететін білім беру және машықтарды дамыту.

2011 жылдың 19 қаңтарында дербестік пен академиялық бостандықты беретін басқарудың ерекше нысанын реттейтін «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қоры» мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды (заңға сәйкес акционерлік қоғам «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымына қайта ұйымдастырылды).

 
Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес
білім беру ұйымы басқармасы


Қаралым: 5959
Жарияланған: 02 Қырқүйек