Жаңалықтар

Атыраудағы NIS оқушысы Асқар Әлмұхаметов Шырмауық лигасының грантын иеленді


Атыраудағы NIS-тің 12-сынып оқушысы Асқар Әлмұхаметов әлемнің ең үздік 50 университеті қатарына енген 5 жоғары оқу орнына түсті. Олар – Шырмауық лигасына кіретін Columbia University, АҚШ-тағы University of California Berkeley и Georgia Institute of Technology, Кореядағы Korean Advanced Institute Science and Technology және Канададағы University of Toronto. 

– 6 жыл бұрын NIS-ті таңдағаныма қуанамын. Осы уақыт аралығында маған қолдау білдіріп, білім берген ұстаздар мен кураторларға, жалпы, мектеп ұжымына үлкен алғысымды білдіремін, – дейді Асқар.

Асқар Әлмұхаметов – Apple WWDC20 Swift Student Challenge халықаралық байқауының жеңімпазы, республикалық және халықаралық ІТ-жобалар байқауларының жүлдегері, сондай-ақ ол мектеп жасына дейінгі балаларға арналған қазақ тілді медиа контент ұсынатын Qulynym мобильді қосымшасын жасауға атсалысты.

 



Қаралым: 217
Жарияланған: 31 Наурыз