«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ басқарма төрағасының орынбасары Светлана Испусинова «Дербес медициналық көмекшілер мен биоинтерфейстер жасау» секциясында «Save at any Cost» атты құтқарушы робот ұсынған Талдықорғандағы Зияткерлік мектебінің оқушысы Жәния Жұматайды арнайы номинациямен марапаттады.