Жаңалықтар

«Туған елге тағзым-2022»: ақтөбелік феррохромның өндірілу үрдісі


Ақтөбедегі NIS оқушылары «Туған елге тағзым-2022» жобасы аясында «Қазхром» трансұлттық компаниясының темір рудасы, алюминий мен феррохром өндіру жұмысымен танысты.

Маршрут қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықтан басталды, онда барлық қатысушыларға жеке қорғаныс құралдары – респиратор, каска, көзілдірік, шағылыстыратын кеудеше берілді. Одан әрі экспедиция мүшелері балқыту цехтарын, оның ішінде әлемде теңдесі жоқ №4 цехты аралады.

Ақтөбе ферроқорытпа зауытының тарихы соғыс кезеңінен бастау алады. 1943 жылы зауытта алғашқы «Комсомолка» пеші іске қосылды. Оқушылар бұл пештің бірінші балқыту цехында әлі жұмыс істеп тұрғанына таң қалды.

– Зауыт қызметкерлері өндіріс көлемі жылына 700 мың тоннаға жуық ферроқорытпаны құрайтынын айтты. Ал №4 жаңа цехта бірегей заманауи пештер орнатылған. Ол көлемі бойынша да, өндіріс процесімен де көптің қызығушылығын тудырады. Бізге дайын өнімді көрсетті. Алюминийден костюм киген балқытушының қажырлы еңбегіне қарап, оның жұмысының орасан зор тәуекелден тұратынын сезінесің, – деп Есенбай Есенкелді өз әсерімен бөлісті.

 



Қаралым: 92
Жарияланған: 27 Маусым