Жаңалықтар

NIS-те бейімді платформасында курсты құрастыру мен баптау бойынша оқу тренингі аяқталды


Назарбаев Зияткерлік мектептерінде бейімді платформаларды пайдалану бойынша курстар аяқталды.

Cogbooks бейімді платформасында курсты құрастыру мен баптау бойынша оқу тренингіне «Химия», «Физика» және «Биология» пәндерінен эксперименттік режимде бейінді-белсенді оқытуды әзірлеу мен енгізу шараларын жүзеге асыратын NIS мұғалімдері қатысты.

Курс тренелері – Кембридж университетінің Баспа және бағалау департаментінің Cogbooks компаниясын өкілдері Robert Rogowski (АҚШ), Andrew Lloyd (Ұлыбритания) және Veena Puttarangaiah (Үндістан).

– Бейімді-белсенді оқыту барлығына қолайлы, себебі бұл әдіс – әмбебап. Мұғалім үшін тиімді тұстарының бірі – әр балаға оқыту тәсілі жеке қарастырылмайды, сондай-ақ оқушылардың оқу үлгерімін бақылауға болады. Білім алушы материалды меңгеруде қиналса, оқытушы әдіс-тәсілді қайта қарай алады, – дейді Andrew Lloyd.

Курс тыңдаушылары бейімді оқытудың түрлі электрондық платформаларының қалай дамып жатқанын талдап, оларды құру және баптау тәжірибесімен бөлісті.

– Бейімді оқыту – икемді жүйе. Бұл тренинг CogBooks платформасында құрылады, – деп бөлісті Robert Rogowski.

Шетелдік әріптестердің әдістемелік кеңестері мұғалімдердің үлкен қызығушылығын тудырды. Тренинг қатысушылары платформаларда тәжірибелік сабақтарды бастап, контент жасақтау бойынша жұмыс жүргізу және бейімді-белсенді оқыту әдісі аясында кесте құрастыру мәселелерін талқылады.



Қаралым: 99
Жарияланған: 27 Маусым