Жаңалықтар

«Үздік постер» командасы атынан Гүлбақыт Сұлтанова Cito International-дағы әріптестерімен кездесті


Педагогикалық өлшеулер орталығының сарапшысы Гүлбахыт Сұлтанова Cito International-дағы әріптестерімен білім берудегі бағалау теориясы мен тәжірибесіне қатысты мәселелерді талқылады. Кездесу барысында жоғары деңгейлі дағдылар мен функционалдық сауаттылықты бағалау, мониторинг жүйелері секілді өзекті басымдықтар сөз болды. Сондай-ақ тестілерді әзірлеу және олардың нәтижелерін талдаудың толық циклі, бағалаудың әртүрлі бағыттары бойынша валидациялық зерттеулер ұсынылды.

2021 жылғы қарашада өткен Білім беруді бағалау қауымдастығының (Association for Educational Assessment – AEA-Europe) халықаралық конференциясындағы жеңісі қатысушылардың Голландиялық Арнем сапарына аттануының себепшісі болды. Педагогикалық өлшеулер орталығының табысты командасы құрамында Гүлбақыт Сұлтанова, Әсел Рахымбекова және Нұрым Шора «Үздік зерттеу постері» номинациясында бірінші орынды иеленді. Жеңімпаздар өкілі Cito International Білім беру өлшемдері институтына шақырту алды.

Қазылар алқасының жоғары бағасын алған зерттеу постері бағалау процедуралары мен нәтижелерінің Зияткерлік мектептер оқушыларының әл-ауқатын жақсартуға арналды.



Қаралым: 259
Жарияланған: 24 Маусым