Жаңалықтар

Журналист үшін жеті өнер де аз


– Қазақта «Жігітке жеті өнер де аз» деген сөз бар. Бүгін өзімді әбден сынадым, – дейді «Qazaqstan» телеарнасындағы таңғы эфирдің жұлдызы Дастан Мүрсәлім. Ол елордадағы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектепте өткен республикалық медиа-марафонның шеберлік сабақтарында өзін сынады.

Шарада Нұр-Сұлтан қаласындағы «Qazaqstan», «Хабар», КТК, «Astana TV» телеарналарының, сондай-ақ «Elorda Aqparat» медиахолдингі мен «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Білімді ел», «AIQYN», «Вечерняя Астана» газеттерінің журналистері өздерін жаңа қырынан танытты. Олардың барлығы – NIS баспасөз қызметінің объективінде.

 

 



Қаралым: 156
Жарияланған: 24 Маусым