Жаңалықтар

Әзірбайжанның білім министрі Эмин Амруллаев NIS-пен ынтымақтастыққа мүдделілігін растады


Әзірбайжан Республикасының білім министрлігі делегациясы елордадағы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектепте NIS жүйесімен танысты: ұйымдық құрылымы, оқыту үрдісі мен тәрбие жұмысы, халықаралық аккредиттеу, стратегиялық әріптестік, орта білім беруді әдістемелік қолдау, тәжірибе тарату.

Мектеппен танысу барысында әзірбайжандық педагогтарды NIS HUB техноториясы мен оқыту кабинеттері, сондай-ақ бірегей «Қазақтың 100 күйі» жобасы мен домбырадан элективті курстар ерекше қызықтырды.

Білім беру бағдарламалары, педагогикалық өлшеулер және педагогикалық шеберлік орталықтары еліміздің ұстаздары үшін жасақтаған жүйелік-әдістемелік кешен, Online Mektep, «Шамшырақ» және басқа да білім беру платформаларымен қатар әлем мойындаған инновациялық педагогикалық жетістіктері туралы баяндады.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова әзірбайжандық әріптестерінің заманауи білім беру ортасын құру және ата-аналармен ынтымақтастық орнатуы жайында сауалдарына жауап берді.

Әзірбайжан Республикасының білім министрі Эмин Амруллаев Қазақстанның Зияткерлік мектептерімен ынтымақтастық орнатуға дайын екенін жеткізді.

 



Қаралым: 169
Жарияланған: 23 Маусым