Жаңалықтар

Шымкенттегі физика-математика бағытындағы NIS: «Келешегіміз – кемел, болашағымыз айқын»


«Келешегіміз – кемел, болашағымыз айқын»: Шымкенттегі физика-математика бағытындағы NIS сегізінші түлектерін ұшырды.

– Биыл біз қашықтан оқу форматынан оралдық, бұл оқушылардың білімі мен жетістіктеріне әсер етпеді, – деп атап өтті мектеп директоры Индира Исмаилова.

Мектеп басшысының сөзін үздік оқушылар мен халықаралық, республикалық олимпиадалардың жеңімпаздарына берілген құрмет грамоталары растады.

Шымкент қалалық мәслихатының хатшысы Бахадыр Нарымбетов әрбір түлектің ата-ана мен ұстаздардың үмітін ақтап, болашақта табысты әрі бақытты болуына тілектестік білдірді.

Мерекелік жиында «Алтай» шаңырағы үздік деп танылып, жазғы демалыс кезінде «Туған елге тағзым» зерттеу экспедициясына жолдама алды.

 



Қаралым: 89
Жарияланған: 26 Мамыр