Жаңалықтар

Қызылордадағы NIS: «Күй құдіреті»


Қызылордадағы Зияткерлік мектебінің оқу жылы «Күй құдіреті» атты ашық домбыра сабағымен аяқталды.

Қазақ музыка өнерінің тарихы мен ерекшеліктері сабақтың басты тақырыбына айналды. Белгілі сазгер, педагог Үкітай Ерниязов домбыра тартудың түрлі техникалары бойынша тәжірибелік сабақтар өткізді. Топтық тапсырмада балалар «Тел қоңыр», «Аққу», «Ақсақ құлан» секілді танымал күйлерді талдады. Жас музыканттар атақты «Балбырауын» күйін орындап, оқу жылын ерекше шабытпен қорытындылады.


Қаралым: 63
Жарияланған: 26 Мамыр