Жаңалықтар

Қазақ халқының қанатты қызымен мақтанамыз


Педагогикалық шеберлік орталығының танымал «Шабыт» жобасы аясында ұйымдастырылған мамырдағы басқосу қазақ халқының қанатты қызына арналды. Кездесудің Халық Қаһарманы Хиуаз Доспанованың жүз жылдық мерейтойы күні өткізілуінің символикалық мәні бар.

Келбетті, жүзіне күлкіні жиған жас қыз – жерде Хиуаздың сұлулығын гимнастерка одан әрі айшықтап тұрады. Аспанда – аңызға айналған Мария Раскова әуе полкінің батыл да рацониалды, жауға аяушылық білдірмейтін түнгі мыстаны. Бейбіт өмірде – ымырасыз, мойындалмаған, қай істе де кемелдікке бейім, өзіне ерекше талап қойғыш тұлға.

Оралдықтар Хиуаздың есімін ерекше қадір тұтады – батыл қыз үшін бұл өлке туған жері атыраудағы Ганюшкамен тепе-тең. Батыс Қазақстан тарихи-өлкетану музейін көп жылдар бойы басқарған еліміздің еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Сара Танабаева мен облыстық кәсіпкерлер кеңесінің төрағасы Мұрат Жәкібаевқа Хиуаз Доспановамен жеке кездесіп, тілдесу бақыты бұйырған. Сара Есқарақызы бала кезінен аспанды армандаған қанатты қаһарман қыздың естеліктерімен бөлісіп, тарих пен ұрпаққа мұра ретінде сақтап келеді. Мұрат Орынбайұлы Хиуаздың майдандастары – Мария Раскова полкінің түнгі мыстандарымен кездесіп, айлакер ұшқыштың естеліктерін «Рахмет айтып үлгеру» атты деректі фильмі арқылы мәңгілік етті.

Жас Хиуаздың ерлігі, оның сұлулығы мен ымырасыз мінезі, әскердегі ғана емес, бейбіт өмірдегі жеңісі «Шабытқа» қатысқан оқушылар мен мұғалімдер, ата-аналар мен Зияткерлік мектеп ұжымы үшін аян болды. Кездесудің дәстүрлі чаты алғаш рет сауалға емес, қанатты қаһарман қыздың ерлігіне тәнті болған қатысушылардың Сара Есқарақызы мен Мұрат Орынбайұлына деген құрметі пен ризашылығын білдерген хаттарымен жалғасты.

– Елімізде сұрапыл соғыстан аман қалған бірде-бір отбасы жоқ. Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысы майдандарында ерлікпен шайқасты, тылда жүріп жеңіске қол жеткізді. Хиуаз Доспанова барша қазақстандықтар және жеке өзім үшін қай уақытта да ерліктің, батылдықтың, қайсарлықтың символына айналған тұлға, – деп мойындады «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова.

 



Қаралым: 597
Жарияланған: 16 Мамыр