Жаңалықтар

NIS-тің 8 оқушысы – жасөспірімдер олимпиадасының тұғырында


Түрлі олимпиадалар мен байқауларда ерекше көзге түсіп жүрген Назарбаев Зияткерлік мектептерінің символикалық командасы қатары сегіз жүлдегерге толықты. Шымкентте өткен жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша республикалық жасөспірімдер олимпиадасында NIS-тің жетінші және сегізінші сынып оқушылары бір екінші және жеті үшінші орындарды иеленді.

Елордадағы Зияткерлік мектеп оқушысы Тамерлан Аркенов пен Павлодардағы NIS оқушысы Аслан Әжібаев математика пәнінен, маңғыстаулық зияткер Санжар Жакубов химиядан, Семейдегі NIS-тен Алемжан Джакипов және Шымкентегі физика-математика бағытындағы мектептен Ажар Ағатайқызы физика пәнінен, Мерей Ноғайбаева биологиядан және Әлихан Шерияздан информатика пәнінен қола медаль иегерлері атанды. Семейдегі Зияткерлік мектеп оқушысы Серік Бексұлтан биология пәнінен екінші орын алды.



Қаралым: 237
Жарияланған: 16 Мамыр