Жаңалықтар

Ұлы ұстаз салған сара жол


Бүін білім беру бағдарламалары орталығы түсірген «Ұлы ұстаз салған сара жол» деректі фильмінің республикалық премьерасы – NIS-тің барлық интернет платформаларында

Шығармашылық топтың жұмысы бірінші болып «Жаппай стандарттаудан жаппай бірегейлікке» атты дөңгелек үстел қатысушыларының назарына ұсынылды. Қазақтан шыққан ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына арналған мерейтойлық жоба аясында 2021 жылы ауқымды төрт дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Олардың әрқайсысына еліміздің барлық өңірінен мыңнан астам мұғалім қосылды. Бұл заманауи педагогикадағы ең өзекті басымдықтарды талдайтын жаңа кәсіби платформаның қажеттілігін дәлелдеді. Сондықтан елімізде Алтынсарин атауын алған білім беру жобасы 2022 жылы да жалғасын табады.

https://www.youtube.com/watch?v=IRMNXXaX97M

 

 



Қаралым: 741
Жарияланған: 19 Қаңтар