Жаңалықтар

Елордадағы физика-математика бағытындағы NIS оқушысы Әзімжан Рамазан «Шапағат-2021» байқауының жеңімпазы атанды


Елордадағы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектеп оқушысы Әзімжан Рамазан «Шапағат-2021» республикалық байқауында жеңімпаз деп танылды.

Әзімжанға дипломды «Kazpatent» директоры Ермек Қуантыров табыс етті. Жас өнертапқыш мектебі аясында Ермек Қуантыров Нұр-Сұлтан қаласындағы дарынды оқушылармен жүздесті.

2020 жылы өнертабыстар, пайдалы модельдер және өнеркәсіптік үлгілерге берілген патенттер арасында мектеп оқушысының «Тұзды суда жүзетін қайық» жобасы бар. Пайдалы модель деп танылған Әзімжанның өнертабысы – тұзды қозғалтқышпен жүретін қайықтың техникалық шешімі.

Өткен жылдың желтоқсан айында NIS шәкіртінің жобасы Бразилияның Ново Гамбург қаласында өткен Mostratec халықаралық ғылыми жобалар байқауында 1 орын алды.

«Шапағат» республикалық конкурсы 2004 жылы өнертапқыштық қызметті ынталандыру, жас таланттарды қолдау, ғылыми білімді дәріптеу мақсатында құрылған.

 



Қаралым: 760
Жарияланған: 28 Желтоқсан