Жаңалықтар

Назарбаев Зияткерлік мектептеріне конкурстық іріктеуге құжаттарды қабылдау 2022 жылғы 5 қаңтар мен 21 ақпан аралығында өтеді


«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы 2022-2023 оқу жылында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныптарында білім алу үшін үміткерлерге Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындауға конкурс жариялайды.

Құжат қабылдау 2022 жылғы 5 қаңтардан 21 ақпанға дейін жүргізіледі. Конкурс 2022 жылғы 14-15 сәуір күндері өтеді.

Санитарлық талаптарды сақтау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қабылдау комиссиясына келушілер ағымын реттеу үшін онлайн брондау қызметі жүзеге асырылады. Бұл қызмет Сіз құжат тапсыратын Зияткерлік мектептің веб-сайты арқылы мектепке келу күні мен уақытын алдын ала белгілеуге мүмкіндік береді.

Зияткерлік мектепке келген жағдайда үміткер мен заңды өкіл (1 адам) Зияткерлік мектеп ғимаратына тіркеу кезінде белгіленген уақытта ғана (қатаң түрде) Ashyq жүйесі арқылы кіргізіледі.

Құжат қабылдау орындары мен конкурстың өту шарттары туралы толық ақпаратты www.nis.edu.kz веб-сайтындағы «Үміткерлерге» – «Конкурс жөнінде хабарлама» бөлімінен алуға болады.

 



Қаралым: 521
Жарияланған: 23 Желтоқсан