
Баспасөз-қызметі
Соңғы жаңалықтар

– Мектеп олимпиадалары көкжиекті кеңейтуге серпін береді, сондай-ақ кез келген оқушы үшін тамаша тәжірибе, – деп атап өтті орыс тілі бойынша қазылар алқасының өкілі, Астана Халықаралық университетінің аға оқытушысы Жанара Әбілдинова.

Атыраудағы Зияткерлік мектептің оқушысы Абылай Амангелдіұлы Германиядағы беделді жоғары оқу орындарының бірі – «Jacobs Bremen University» грантын иеленді.

Зияткерлік мектептер негізінен мемлекет бөлетін қаражат есебінен өз жұмысын жалғастыруда. ДББҰ-ның бюджеттік қаржыландыруы тұрақты болып табылады.

Павлодардағы Зияткерлік мектеп өкілдері балаларды жуындыруға арналған пайдалы әрі ерекше ваннаға патент алды. Физика және тарих пәні мұғалімдері Мөлдір Мұғраж, Үмбетбек Райсбек, NIS оқушылары Кәусар Гусманова, Дамели Исабекова, Ғаділет Калемшарив пен Абдуррахим Тулегенов күнделікті қолданыста пайдаланатын дүниені одан әрі жетілдірді.

Желілік олимпиадада NIS Халықаралық Бакалавриат мектебі атынан Аида Давлетова қатысуда, ол – лингвистикадан беделді IOL-2022 олимпиадасының қола жүлдегері

Талдықорған қаласындағы NIS-тің 10-сынып оқушысы Али Қасым желілік олимпиадаға екінші жыл қатысып, былтыр математикадан қола жүлдегер атанды. Алидің пікірінше, олимпиадалық қозғалыс – бұл өз бетімен жұмыс істеуге және жоғары нәтижелерге қол жеткізуге болатын өнер