
Баспасөз-қызметі
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбе облысындағы Алға ауданының Бестамақ ауылында «Ауылдық аймақтардағы тірек мектептерінің әлеуетін арттыру» республикалық жобасы аясында жаңғырту жұмыстарының алғашқы нәтижелері таныстырылды.

Семейдегі NIS-те Абай облысы мектептерінің директорлары мен орынбасарларына Педагогикалық шеберлік орталығының командасы мен EdCrunch Academy бірлесіп әзірлеген «Білім беру ұйымын басқару» компьютерлік симуляторының мүмкіндіктері таныстырылды.

Әліби Келісбеков (University of Debreen), Жания Смағұлова (UNIST), Әлішер Әзімбаев (Yonsei University), Ақмарал Дайрабай (Nazarbayev University), Кристина Лобчук (Қарағандыдағы медициналық университет) және өзге де қазақстандық, сондай-ақ шетелдік жоғары оқу орындарының үздік студенттері «SAMGAU» форумында Қарағандыдағы NIS түлектері атынан сөз сөйледі.

Елордадағы физика-математика бағытындағы NIS-тің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагогика ғылымдарының магистрі Қалдықыз Бешімбаеваның «Академиялық эссе жанрының теориясы мен практикасы» атты монографиясы жарық көрді.

Бірегей диалог алаңының қатысушылары отандық және АҚШ, Финляндия, Италия, Венгрия және басқа да шетелдік университеттерде білім алып жатқан NIS түлектерінің жетістік тарихын тыңдады. Спикерлер еңбек нарығындағы негізгі тенденциялар туралы айтып, сұранысқа ие және перспективалы салаларға назар аударды, халықаралық емтихандарға дайындық мәселелеріне тоқталды.

Назарбаев Интеллектуальные школы внесли Казахстан в Книгу рекордов Гиннеса