
Баспасөз-қызметі
Соңғы жаңалықтар

Әрбір адам ең алдымен өзінің және балаларының болашағын ойлайды. Бұл – қалыпты жағдай. Бүгін сіздермен балаларымыз ертең табысты болу үшін не істеу керек деген сұрақтың айналасында ой бөліскім келеді

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің бірден тоғыз оқушысы – елордадағы физика-математика бағытындағы NIS-тен Анар Айтбай, Шымкенттегі химия-биология бағытындағы NIS-тен Қанат Серікбай, Сұңғат Әбдіразақ, Абай Кенжетай, Санжар Нұртай, Ғани Жамбырхан, Қарағандыдағы NIS оқушылары Әсем Дүйсембекова мен Талғат Байбусынов және Қызылордадағы NIS-тен Арайлым Қуандық Жер туралы ғылымдар бойынша халықаралық олимпиадада (IESO) ел намысын қорғайды.

«Alumni NIS» қағидаттарына айналған OTANYŃDY SUI, ÄLEMDI ÖZGERT, ADAL BOL сөздері Назарбаев Зияткерлік мектептері түлектерінің Франкфурт қаласындағы Қазақстан Республикасының Бас консулдығында өткен кездесуінде айтылды.

Өскемендегі NIS-те ауылдық тірек мектептерді дамыту жобасы аясында №1 Марқакөл орта мектебінің басшылары мен ұстаздарына арналған тағылымдама әйгілі «Секіртпе» күйімен басталды.

Түркістандағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Одина Турсункулова мен Нұргүл Жарылқап «Ортағасырлық Сығанақ қаласының Ұлы Жібек жолындағы маңызы» атты ғылыми жобаға авторлық құқық алды.

Германияның Байройт қаласындағы ACQUIN-нің штаб-пәтерінде «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ басқарма төрайымы Күләш Шәмшидиноваға Педагогикалық шеберлік орталығының жаңа жетістігі туралы куәлік табыс етілді. Бұл – мұғалімдердің кәсіби дамуындағы «Мектеп командасы: тиімді басқару және білім беру сапасы» атты өзекті бағдарламасын шартсыз сертификаттау.